Атышулы P. Diddy төрт бап бойынша ақталды
Фото: Getty Images
Нью-Йоркте Манхэттендегі федералды сот рэпер және продюсер Шон Комбс (Пи Дидди) ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алқабилер соты оны адам саудасы мен рэкет секілді аса ауыр айыптардан ақтап шықты, бірақ екі айып бойынша кінәлі деп таныды.
Атап айтқанда, Комбс екі рет адам тасымалдау арқылы жезөкшелікке тарту ісіне байланысты жауапты деп танылды. Бұл баптар бойынша әрқайсысы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған Осылайша, ол өмір бойына түрмеге қамалу жазасынан құтылып кетті.
Сот процесі 2024 жылғы 5 мамырда басталып, шамамен екі айға созылды. Айыптаушылар Комбсты әйелдерді күштеп қатыстыру арқылы ұйымдастырылған «freak-off»(ақ кештерін) өткізіп, оларды сексуалдық мақсатта пайдаланған деп айыптады.
Прокурорлар оның шоу-бизнес саласындағы ықпалын қорқытып-үркіту мен бағындыру үшін пайдаланғанын айтты.
Процестегі басты куәлардың бірі — рэпердің бұрынғы сүйіктісі, әнші Кассандра Вентура. Ол сотта берген түсініктемесінде Пи Диддидің кештеріне қорыққанынан барғанын, оның қаржысы мен мансабын толық бақылауда ұстағанын айтты. Сонымен қатар, сотта аты-жөні жарияланбаған тағы бір әйел куәлік етті. Алайда алқабилер бұл мәлімдемелерді айыптау үшін жеткіліксіз деп есептеді.
Шон Комбс 2024 жылғы 16 қыркүйекте Нью-Йоркте ұсталды. Оған рэкет, адам саудасы, алаяқтық және жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдау баптары бойынша айып тағылды. Сотта ол айыптардың ешқайсысын мойындамады.
Қорғаушы тарап Комбсты кепілмен босату туралы өтініш беруге ниетті. Ал прокурорлар екі бап бойынша қатаң жаза қолдануды талап етпек. Соңғы үкімді судья шығарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық