«Орыс мафиясының» ақшасына қазақстандықтың қатысы бар ма?
Испанияның ұлттық полициясы «орыс мафиясының» ақшасын жымқырды деген күдікпен 23 адамды ұстады. Олардың арасында Қазақстан азаматы бар дейді.
БАҚ-та жарияланған ақпараттарға сенсек, ұсталғандардың көбі испандықтар, алайда олардың ішінде 8 Ресей, 2 украин, 1 Қазақстан, 1 Алжир азаматы бар екен.
Полиция бұл «ұсталғандардың жоғары иерархиялық деңгейіне байланысты» соңғы он жылдағы «Еуропаның шығысындағы мафияға» қарсы ең үлкен операция» екенін мәлімдеді.
Тергеушілердің мәліметінше, аталған топ мүшелері сыбайлас жемқорлықпен және «мемлекеттік институттарға енгізумен» айналысқан.
«Ұйым Испания экономикасының негізгі салаларын бақылауды және мемлекеттік мекемелерге заңгерлердің, шенеуніктердің, саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және компьютерлік хакерлердің көмегімен кіруді жоспарлаған», - делінген Ұлттық полиция хабарламасында.
2013 жылы полиция «орыс мафиясы Испаниядағы белсенділігін арттырып, оны бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі қылмыстық ұйымдардың ақшасын жылыстатудың бастапқы нүктесі ретінде пайдаланып, бүкіл әлемдегі қылмыстық әрекеттерден алынған ақшаны бизнеске инвестициялағанын» анықтаған кезден тергеу басталған болатын.
Құқық қорғау органдары Приморьенің бұрынғы вице-губернаторына қатысты ақша жымқыру бойынша іс қозғады.
Топ жетекшілері күмәнді банктік операцияларды жүргізіп, жалған компаниялар мен жалған тұлғаларды пайдаланып, Испанияға қолма-қол ақша әкелген.
Аликанте, Мадрид, Таррагона және Ибицада жүргізілген тінту кезінде қару-жарақ тәркіленіп, 300 мың еуро қолма-қол ақша, 16 автомобиль, гауһар тастар, криптовалюта табылған.
Тергеу амалдарының шарты бойынша миллиондаған еуроға тең банктік шоттар мен активтерге тыйым салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық