Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
ЖИ жасаған иллюстрация
Қырғызстан Энергетика министрлігі 14 тамызда Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде болған апатқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 15:37-де Қырғызстанның энергетикалық жүйесінде ақау тіркеліп, содан кейін елдің электр жүйесі оқшауланған режимде жұмыс істеуге көшкен.
Сағат 15:55-те Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі жиілік қалыпты 50 Гц деңгейіне қайта келтірілді. Бұл ретте Қырғызстан көршілес елдерге қолдау көрсетіп, шамамен 250 МВт қуат беріп отырған.
Қырғызстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, Алматы энергетикалық торабы қалыпты жиілік қалпына келтірілгеннен кейін ғана ажыратылған.
Сонымен қатар энергетиктер Тоқтоғұл су электр станциясының екі гидрогенераторының қысқа уақытқа ажыратылғанын тіркеді. Министрлік дерегінше, дәл осы жағдайдан кейін бастапқы ақау болып, электр қуаты ағындарын өзгерткен және автоматты қорғау жүйелерінің іске қосылуына себеп болған.
Алайда Қырғызстан Энергетика министрлігі бұл жағдайды басқа елдердегі электр қуатының өшуіне дәл Қырғызстандағы ақау тікелей себеп болды дегенді білдірмейтінін атап өтті.
Апаттың нақты себептерін арнайы комиссия алдағы уақытта нақты анықтауы тиіс.
Еске салсақ, 14 тамызда сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр жарығы өшті. KEGOC-ке тиесілі 500 кВ-тық үш әуе электр желісі — Л-5400, Л-5300 және Л-5320 апатты түрде ажыратылған. Осының салдарынан Алматы мен облыстағы тұтынушылардың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды. Ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болған. KEGOC мәліметінше, сағат 16:12-дегі жағдай бойынша Алматы энерготорабындағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.
Біз бұған дейін дәл осы жаппай электр жарығы өшкен күні Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1357 фактісі тіркелгенін жаздық. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін 160 өрескел заң бұзушылық болған.
Ертесіне Алматыдағы сөніп қалған электр қуаты қайта берілгеннен кейін бағдаршамдар кезең-кезеңімен іске қосылды. Жұмыс қаладағы барлық бағдаршам қалыпты режимде жұмыс істегенге дейін жалғасты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық