Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Иран АҚШ-тың Парсы және Оман шығанақтарына, сондай-ақ Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды. Иран армиясының қолбасшысы, генерал Амир Хатами Вашингтонның аймақтан «қуылғанын» мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Иранның Mehr агенттігіне сілтеп.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың бұғазды Америка аумағы деп жариялау қаупіне қатысты айтып отыр.
АҚШ-қа бұдан былай Парсы шығанағына, Оман шығанағына және Ормуз бұғазына кіруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Иран армиясының қолбасшысы генерал Амир Хатами мәлімдеді.
«Америкалық әскери базалар ешқандай жағдайда бұрынғы қалпына келе алмайды. Иран Ислам Республикасына қауіп төндіру мақсатында көршілес аумақта нысандардың құрылуына ешқашан жол бермейді. Жалғыз жол бар, ол америкалықтардың аймақтан кетуі. Олар іс жүзінде қуылды және бұдан былай Парсы шығанағына, Оман шығанағына және Ормуз бұғазына кіре алмайды», – деді Хатами.
Иран қолбасшысы Тегеран бұл бағытта «жеңіске жеткенін» және енді осы жеңісті «бекітіп жатқанын» атап өтті.
Хатами АҚШ президенті Дональд Трампты «сәтсіздікке ұшыраған саясаткер» деп атап, оның «таяздықпен» АҚШ Ирандағы мақсаттарына қол жеткізе алады деп ойлағанын айтты.
«Олар осы шаралар арқылы «Иран мәселесін» шеше аламыз деп ойлады әрі оны мәлімдеді. Иранда проблема жоқ, бұл ядролық бағдарламаны сылтау ету. Ойдан шығарылған бұл мәселенің әскери жолмен шешімі жоқ», – деді ол.
Генералдың айтуынша, АҚШ «бұрынғыдай билік пен ықпалға ие емес».
Қазіргі уақытта Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы шектелген. 11 тамызда Тегеран Вашингтонға делдалдар арқылы теңіз жолын қайта ашу шарттарын жеткізген. Олардың арасында қауіп-қатер мен соғысты тоқтату, қоршау мен санкцияларды алып тастау, келтірілген шығынды өтеу және бұғатталған активтерді босату талаптары бар.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп 14 тамызда Тегеранмен соғыс аяқталғаннан кейін Ормуз бұғазын Америка аумағы деп жариялайтынын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ бұғаз маңындағы жағдайдың қарапайым америкалықтарға әсер етіп жатқанын мойындады. Алайда Трамп бұл мәселеге байланысты «кешірім сұрамайтынын» айтты.
Ормуз бұғазы – әлемдік энергетика үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі. Парсы шығанағынан мұнай мен газ тасымалдайтын негізгі теңіз бағыттарының бірі саналатын бұл бұғаздың жабылуы немесе кеме қатынасының шектелуі әлемдік мұнай нарығына және энергия бағасына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық