16 жастағы қыз қаза тапты: Алматы облысында бір топ жасөспірім жол апатына түсті
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматы облысының Райымбек ауданында кәмелетке толмағандар отырған көлік аударылып, 16 жастағы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол-көлік оқиғасы 17 тамызда сағат 04:20 шамасында «Сарыжаз–Қарасаз» автожолының 5-шақырымында Сарыжаз ауылынан шамамен 12 шақырым жерде болған.
Orda.kz дереккөзі бойынша, 16 жастағы жасөспірім Toyota Alphard көлігін шығыс бағытта жүргізіп келе жатып, тізгінге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берген. Апат салдарынан көліктегі 16 жастағы жолаушы қыз алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Оның денесі мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көлік жүргізушісі мен тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Нарынқол ауылындағы Райымбек аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы кәмелетке толмағандар. Көлікте барлығы алты жасөспірім болған. Зардап шеккендердің денсаулық жағдайы мен алған жарақаттары анықталып жатыр.
Orda.kz дереккөзінің хабарлауынша, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Сарыжаз – Қарасаз автожолының 5-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған жүргізуші көлікті басқара алмай, оның аударылып кетуіне жол берген. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде кәмелетке толмаған адамның көлік тізгініне қалай отырғанын, сондай-ақ оған әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық