Жаңатоған ауылының тұрғындары өртпен өздері күресіп жатыр: Бір адам ауыр жараланды
Фото: Envato
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған (Бейбітшілік) ауылы маңындағы өрт тұрғындарды алаңдатып отыр. Бірнеше адамның шөбі мен қыстағы өртеніп, өрт сөндіруге шыққан ауыл тұрғыны ауыр жараланған деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ауыл тұрғыны Керім Аянқызы Threads желісінде ауылдағы жағдайды айтып, қажетті техниканың жоқтығына алаңдаушылық білдірді.
«Біздің ауылға көмек керек, ауылда өрт өршіп тұр. Қажетті дұрыс техника жоқ. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған (Бейбітшілік) ауылында қанша адамның шөбі, қыстағы өртенді. Әрқайсымыздың әкеміз, туғандарымыз ауыл адамдары осы өртте жүр. Ауыл ішіне жақындап қалыпты. Сыныптасымыздың әкесін 50% күйік шалып, ауруханаға алып кетіпті. Жалғыз ауыл адамдарының күші жетпейді. Жанымыз қалмады алаңдап. Неге ауданда дұрыс техника жоқ? Қашан қамтылады? Жылда осы ғой. Қанша адамның еңбегі, жинаған шөптері жанып кетті. Өрт Шет ауданында бірнеше күн бұрын басталған. Таңға дейін туғандарымызға алаңдап, бізде де ұйқы жоқ. Күнде өртте жүреді. Дұрыс техника жұмылдырса ауыздықтауға болатын еді ғой» деп жазды Аянқызы.
Керім Аянқызының жазуынша, ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері өртпен өз күштерімен күресіп жатыр. Оның айтуынша, тілсіз жаудан бірнеше отбасы қыстағына және қысқа дайындаған шөбінен айырылған.
Төтенше жағдайлар қызметі Жаңатоған ауылы маңындағы табиғи өрт әлі де сөндіріліп жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, құрғақ шөп пен өсімдік жамылғысы өртенген. Өртті сөндіруге қатты жел мен таулы жер бедері кедергі келтіріп отыр.
«08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді. Жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, жағдай тұрақты бақылауда», – деп хабарлады ТЖД.
Оқи отырыңыз:
- Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
- Қостанай облысында әкесі мен қызы Тобыл өзеніне батып қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық