Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Фото: facebook.com/ Б.Базарбек
Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек өз қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде тараған түрлі болжамдарға сенбеуге шақырды. Оның айтуынша, өзі мен жұбайы тергеу деректерін жария етпеу туралы қолхат берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Facebook парақшасында Базарбек жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын әрі қажетті сараптамалардың қорытындысын күтіп отырғанын жазды.
«Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты көптеген болжамдар мен түрлі әңгімелерге жауап бере алмаймын және көп нәрсені жазуға да мүмкіндігім жоқ. Қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жұбайым екеуміз сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат бердік. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін» деп жазды Бақытжан Базарбек.
Ол қазір өзі үшін ең маңыздысы жол апатынан зардап шеккен азаматқа және оның жақындарына қолдау көрсету екенін айтты. Базарбектің сөзінше, бірнеше күн бойы зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп отыр.
Сондай-ақ, депутат медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Базарбек әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты жұртты асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми деректер мен тергеу нәтижесіне сүйенуге шақырды.
Еске сала кетейік, 15 тамызда Жамбыл облысындағы тасжолда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек адам қағып кетті деген ақпарат тараған еді. Полиция оқиғаны растағанымен, жүргізушінің аты-жөнін ресми түрде жарияламады. Бейресми мәлімет бойынша, жолда мал қағылып, бірнеше адам оның өлексесін жолдан алып жатқан кезде олардың бірін көлік қағып кеткен.
Оқи отырыңыз:
Экс-депутат Базарбек қағып кеткен адамның жағдайы белгілі болды
Қазақстандағы блэкаут: Қырғызстан KEGOC мәлімдемесіне жауап берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық