Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің үйі аукционға шығарылды
Фото: abai.kz
Шымкентте бұрынғы сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешовке қатысы бар үй 240,2 млн теңге бастапқы бағамен аукционға қойылды. Сауда 2026 жылғы 27 тамызға белгіленген, деп хабарлайды Orda.kz.
E-qazyna сауда алаңындағы лот мәліметіне сәйкес, нысан Шымкенттің Әл-Фараби ауданындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан. Лот құрамына жалпы ауданы 314,5 шаршы метр болатын бірнеше құрылыс нысаны және көлемі 0,0644 гектар жер учаскесі кіреді.
Негізгі екі қабатты үйдің аумағы 191,8 шаршы метр. Сонымен қатар 73,6 шаршы метрлік тағы бір тұрғын үй нысаны, 35 шаршы метрлік жапсаржай, 34,6 шаршы метрлік жертөле және 14,1 шаршы метрлік сарай бар.
Аукционға қатысу үшін белгіленген кепілдік жарна – 12 млн теңге. Сауда төмендету тәсілімен өтетіндіктен, нысанның бағасы ең төменгі 40 млн теңгеге дейін түсуі мүмкін.
«S&T Капитал» компаниясының 2026 жылғы 12 маусымдағы бағалау есебінде бұл жылжымайтын мүліктің құны 80,1 млн теңге деп көрсетілген.
Ал аукциондағы бастапқы баға 240,2 млн теңге болып белгіленген. Яғни аукционның бастапқы бағасы бағалау есебіндегі құннан шамамен үш есе жоғары.
Нысанның сатушысы әрі баланс ұстаушысы ретінде «Дархан Group» компаниясы көрсетілген. Айтпақшы, 2015–2021 жылдары «Дархан Group» компаниясы Тоқтар Төлешовке тиесілі болған.
2014 жылдан бастап компания иесі ретінде Нұрғали Досанбаев көрсетілген. Ал 2021 жылдан бастап оның құрылтайшылары қатарында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бар.
Тоқтар Төлешов бұрын Шымкент сыра зауытының иесі болған. 2016 жылғы 30 қаңтарда ол Шымкентте жүргізілген арнайы операция барысында ұсталды. Сол жылы Мамандандырылған ауданаралық әскери сот Төлешовті мүлкін тәркілей отырып, 21 жылға бас бостандығынан айырды.
2017 жылы сот оны салық төлеуден жалтарғаны үшін де кінәлі деп танып, тағы 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар Төлешов мемлекетке 1,4 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге тиіс болды.
Қазір Төлешовтің қорғаушылары оның ісіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың саралануын қайта қарауға тырысып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық