Жамбыл облысында 19 жастағы әйел «Барниге» бола күйеуімен жанжалдасып, кейін қайтыс болды
Фото: Әлеуметтік желі
Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Өзбекстан азаматының өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұмның сегіз айлық баласы қалған. Ал өлімге алып келген жанжал «Барни» бәлішін жеп қоюынан басталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция әйелдің өліміне қатысты «суицидке дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Тергеу жалғасып жатқандықтан, ведомство істің мән-жайын әзірге жариялаған жоқ.
Әлеуметтік желіде марқұмның құрбысы Зейнеп Мусахожанованың айтуынша, Мадина бұған дейін де отбасындағы жанжалдарға шағымданып, күйеуінің күш көрсеткенін айтқан.
Қайғылы жағдайдан аз уақыт бұрын Мадина құрбысына күйеуімен жанжалдасқанын жазған. Оның айтуынша, жанжал күйеуінің балаға алып келген «Барни» бәлішін жеп қоюынан басталған екен.
«Бүгін бір «Барни» үшін қатты ұрысып қалдық. Тіпті ұрды, келіп басымнан ұрды да, мен құлап қалдым. Елестетші, бір ғана «Барни» үшін» деп жазған Мадина.
Құрбысының сөзінше, келесі күні Мадина заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін айтқан. Алайда кейін оның қайтыс болғаны туралы хабар жеткен.
Жамбыл облысының полиция департаменті әйелдің өлімі бойынша суицидке дейін жеткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын растады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.
Сонымен қатар, тергеу барысында Мадинаның күйеуінің күш қолданғаны туралы мәлімдемелер, отбасындағы жанжалдардың мән-жайы және олардың жас әйелдің өліміне ықтимал байланысы тексерілетінін айтты. Қазіргі уақытта, күйеуінің әйелге күш қолданғаны туралы мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық