«15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды
Бейнеден кадр
Қаржылық мониторинг агенттігінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қаражат жымқырудың жолын кесу бағытындағы жұмысына байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен. Бұл туралы Orda.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Міндетті медициналық сақтандыру саласындағы алаяқтықтың жаңа түрі анықталды
Алаяқтар өздерін Агенттік қызметкері ретінде таныстырып, медициналық ұйым басшыларын анықталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытады. Артынша жауапкершіліктен босатуға уәде беріп, сол үшін ақша талап етеді.
Осындай алаяқтық схема Түркістан облысында әшкереленді.
Екі адам өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 миллион теңге алуға әрекет жасаған.
Алаяқтар 5 миллион теңге алғаннан кейін, қалған 10 миллион теңгені беруді талап еткен.
8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.
Сот күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Агенттік өкілдері жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, ақша талап еткен немесе жазадан құтқаруға уәде беру арқылы қаражат сұраудың кез келген түрі заңсыз әрекет болып саналатынын ескертеді.
Осындай фактілерге тап болған жағдайда Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 нөмірлі байланыс орталығына дереу хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық