Мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған: Оқиғаның жай-жапсары

cover Фото: Pexels

Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер ауылында мас жасөспірімдер бірнеше қызды тоғайға алып кетпек болған, деп хабарлайды Orda.kz.

Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына барған. Алайда тәртіп сақшыларын көрген жасөспірімдер жан-жаққа қаша жөнелген.

Бірнеше минуттан кейін олардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, балалар басқа елді мекендерден келген. Олар жергілікті құрдас қыздармен танысып, осы кездесуді атап өтпек болған.

Тексеру қорытындысы бойынша жасөспірімдердің ата-аналары балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

«Бұл арандату емес»: Бақытжан Базарбектің туыстары жол апаты туралы пікір білдірді

«15 млн теңге бер, әйтпесе қылмыстық жауапкершілікке тартамыз»: Түркістанда жалған ҚМА қызметкерлері ұсталды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар