«Бір күнде 14 айыппұл»: Алматы облысында жүргізушілер жол камераларына шағымданды
Фото: Ашық дереккөздерден
Алматы облысында жүргізушілер жол камераларының жұмысына шағымданып жатыр. Бұл мәселе туралы Алматы тұрғыны Ришат Асқарбекұлы айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайға Алматы – Тараз тасжолымен тұрақты қатынайтын жүргізушілердің арасында да тап болғандар бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Асқарбекұлының өзі соңғы бір аптада төрт айыппұл алған. Алғашқыларын 50 пайыздық жеңілдікті жіберіп алмау үшін төлеген. Алайда кейін қаулылардағы бірқатар сәйкессіздікке назар аударған.
«Тасжолда жылдамдық шектеуі 70 және 110 шқ/сағат. 97 шқ/сағат қайдан шықты? Құқық бұзушылық таңғы сағат сегізде тіркелген, бірақ фотода күн қараңғы сияқты. Бір аптада жалпы 50 мың теңгеге жуық төрт айыппұл келді. Бірақ мен тасжолда ойына келгенін істеп, қатты жылдамдықпен жүретіндердің қатарынан емеспін», деді ол.
Алматы облысының полиция департаменті жүргізушілердің шағымдары бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Полиция сондай-ақ жол қозғалысы ережелері бұзылуын камералар қызметкерлердің қатысуынсыз автоматты түрде тіркейтінін еске салды.
ІІМ тасжолдардағы қате айыппұлдарға түсініктеме берді
ІІМ 13-14 тамызда Бас прокуратураның «ЕРАП» жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты тасжолдарда жылдамдыққа қатысты кейбір айыппұлдардың қате қалыптастырылғанын мәлімдеді.
Ақау салдарынан орташа жылдамдықты асыру фактілері бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде рәсімделген. Қате шығарылған нұсқамалар автоматты түрде жойылады, жүргізушілерге полицияға жүгінудің қажеті жоқ.
Ал айыппұлды қателесіп төлеп қойған азаматтарға қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр.
«Жағдай бақылауда», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық