Интернет арқылы ел ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды
Шымкент полицейлері интернет-алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаменті киберпол бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жолмен қала тұрғынының ақшасын иемденген түркістандық ер адамды ұстады.
Күдікті интернеттен Lexus LX 600 автокөлігінің жалпыға қол жетімді суреттерін жүктеп алып, арнайы сайтқа оны сату туралы жарнама орналастырған. Қоңырау шалған сатып алушыға ол жол талғамайтын көлік алғысы келетіндердің көп екенін сенімді түрде айтып, егер көлікті өзі алғысы келсе, алдын ала төлем жасауы керек деп сендірген. Алаяқтың сөзіне сенген ер адам белгілі бір есепшотқа 200 мың теңге қаржы аударған. Ақшаны алғаннан кейін жалған сатушы байланысын тоқтатқан.
Ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болғаны анықталды. Ол қазір қамауда. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды