КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның Энергетика министрлігі мәліметінше, 30 шілдеде Nissos Sifnos танкеріне үшінші айлақ арқылы мұнай тиеу аяқталып жатқан кезде дрондар шабуыл жасаған. Осыған байланысты КҚК қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу жұмыстарын алдын ала тоқтатқан.
Сондай-ақ мұнай тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6–7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Мұнайдың төгілуіне жол берілмеген. Шабуылдан кейін тұтанған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілген.
Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық