Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Алматы облысында Балқаш көлі жағасында адамдардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция мәліметінше, Жамбыл ауданында Балқаш көлі жағалауында адамдар, оның ішінде балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz көлігін жүргізген ер адам анықталған. Оның әрекеті демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны 40 жастағы Нұрлан Исаев болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Көлік арнайы тұраққа орналастырылды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген жағдайға құқықтық баға берілетінін хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар