LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
Фото: CTS
1 тамыздан бастап Астанадағы жеңіл рельсті көліктеріне (LRT) жаңа тариф енгізіледі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Компания мәліметінше, Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде жолаушыларға қолайлы болу үшін кеңейтілген тариф жүйесі іске қосылады.
Бір реттік жолақы бұрынғыдай 200 теңге болып қала береді. Ал 1 тамыздан бастап келесі жол жүру тарифтері қолданысқа енгізіледі:
Уақыттық абонементтер:
- 1 күндік – 500 теңге
- 3 күндік – 1 500 теңге
- 5 күндік – 2 500 теңге
- 10 күндік – 4 000 теңге
- 15 күндік – 5 000 теңге
- 1 айлық – 7 500 теңге
- 3 айлық – 20 000 теңге
Белгіленген сапар саны бойынша тарифтер келесідей: 5 сапар – 900 теңге,10 сапар – 1 800 теңге,
20 сапар – 3 500 теңге, 30 сапар – 5 000 теңге.
CTS компаниясы тарифтерді пайдалану шарттарын түсіндірді. Егер тариф осы айдың 15-іне дейін (қоса алғанда) сатып алынса, ол сол айдың соңына дейін жарамды болады. Ал 15-інен кейін сатып алынған жағдайда тариф келесі айдың 1-інен бастап күшіне енеді.
Тариф сатып алынған күнтізбелік ай ішінде, яғни айдың 1-інен 30-ына (немесе 31-іне) дейін жарамды.
Күндік жол жүру билеттері мен сапар пакеттері алғашқы рет валидатордан өткізілген сәттен бастап іске қосылады және сол күннің соңына дейін (сағат 00:00-ге дейін) немесе сатып алынған сапар саны толық пайдаланылғанға дейін жарамды болады.
Тарифтерді жеңіл рельсті көлік бекеттеріндегі кассалардан сатып алуға болады. Олар Tarlan Astana жүйесінің көлік картасына жүктеледі. Көлік картасындағы қалдықты кассада немесе станциядағы терминал арқылы тексеруге болады.
Көлік картасы жоғалған жағдайда, белсендірілген (қолданыстағы) тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды.
Айта кетейік, бұл тариф тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде ғана жарамды. Қазіргі уақытта оларды қала автобустарымен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық