Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
Фото: interfax.ru
АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторындағы ХАМАС және басқа да топтардың толық қарусызданғаны туралы «тарихи» келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
«Бұл келісім Газа секторының ақыры жаңа палестиналық үкіметтің басқаруына өтуіне маңызды қадам. Ол үкімет Бейбітшілік кеңесімен тығыз жұмыс істеп, палестин халқына көмектеседі. Сонымен қатар Израиль де лайықты қауіпсіздікке ие болады, өйткені Газа енді террористік шабуылдарға арналған база ретінде пайдаланылмайды» деп жазылғанТрамп мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, бұл «Трамп жоспары» деп аталатын 20 тармақтан тұратын бағдарламаны жүзеге асырудағы маңызды кезең екен.
Келісім мұқият әзірленген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Қарусыздану аяқталған сайын Израиль әскерлері шығарылып, халықаралық тұрақтандыру күштері жаңа палестиналық полициямен бірге Газа тұрғындары мен көрші елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алады», деп түсіндірді Трамп.
Сонымен қатар ол делдал болған Мысыр, Қатар және Түркия елдеріне алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық