Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
Фото: 24KG
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет ету ісі бойынша өзіне шығарылған үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанның 24.kg басылымының мәліметінше, «75-тің хаты» деп аталатын іс бойынша үкімге Тәшиевтің адвокаты Икрамидин Айтқұлов шағым берген. Апелляция Бішкек қалалық сотына жолданған, оны қарау шамамен екі айға созылады.
Бұған дейін Бішкек соты Қамшыбек Тәшиевті «75-тің хаты» ісі бойынша кінәлі деп таныған болатын. Оған мүлкін тәркілеумен қатар төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда сот оны жазасын өтеуден босатып, үш жылдық пробациялық бақылау белгіледі.
Іс бір топ бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қол қойған үндеуге байланысты. Құжат авторлары Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді сұраған.
Аталған іс бойынша бұрынғы бас прокурор Кұрманкул Зулушев, Жогорку Кеңештің экс-спикері Нұрланбек Тұргынбек уулу және хатқа қол қойған тағы бес адам да сотталған.
Еске салайық, жуырда Қырғызстанда келесі президент сайлауының күні жарияланды. Ол 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған. Тиісті жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық