АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
Фото: White House
АҚШ Мемлекеттік департаменті ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылған шектеулі сериядағы Patriot Passport («Патриот паспорты») құжаттарын бере бастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл құжаттың ерекшелігі – ішкі мұқабасына АҚШ президенті Дональд Трамптың портреті орналастырылған. Бұл – АҚШ тарихында қызметтегі президенттің бейнесі ресми паспортқа алғаш рет енгізілген жағдай.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жаңа дизайндағы паспорттарда алдыңғы, артқы және ішкі мұқабалар жаңартылған. Сонымен қатар, олар кәдімгі америкалық паспорттардағы барлық заманауи қауіпсіздік элементтерімен жабдықталған және халықаралық деңгейде толық заңды күші бар жол жүру құжаты болып саналады.
Алғашында бұл паспорттарды тек Вашингтонда рәсімдеуге болатын. Алайда жоғары сұранысқа байланысты бағдарлама кеңейтіліп, енді Чикаго, Даллас, Детройт, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және басқа да қалалардағы Мемлекеттік департаменттің паспорт орталықтарында қолжетімді болады. Тамыз айының ішінде жобаға елдегі барлық өңірлік бөлімшелер кезең-кезеңімен қосылады.
Ведомство бастапқы жоспардан бөлек, қосымша 250 мың дана Patriot Passport шығарылатынын хабарлады.
Паспорттың ерекшеліктеріне тоқталсақ, ішкі мұқабасында Дональд Трамптың портреті орналасқан.
Онда АҚШ Тәуелсіздік декларациясының мәтіні және алтын түспен бедерленген Трамптың қолтаңбасы бар және құжаттың заңдық күші кәдімгі АҚШ халықаралық паспортымен бірдей.
Бағасы өзгермеген – азаматтар оны стандартты мемлекеттік баж салығы бойынша рәсімдейді.
Бұл бастама АҚШ-тың America250 мерейтойлық бағдарламасының бір бөлігі саналады. Осы жоба аясында Трамптың бейнесі ұлттық парктердің рұқсатнамаларына, естелік монеталарға енгізіліп жатыр, ал оның қолтаңбасы жаңа шығарылатын 100 долларлық банкноттарға да орналастырылмақ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық