Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
ЖИ жасаған иллюстрация
Иран Ормуз бұғазын жапқаннан кейін мұнай бағасы барреліне 150–200 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Алайда мұндай күрт өсім болмады, деп хабарлайды Orda.kz.
The Atlantic журналының болжамынша, бұл жағдайдың басты себебі – Қытай болып отыр екен. Иә, саясатта бір қадам болса да алдын-ала болжай жүретін Қытай экономиканы да ұмытқан емес.
Қақтығыс басталғанға дейін Қытай Еуропа құрлығындағы барлық елдерден де, АҚШ-тан екі есе көп мұнай сатып алып отырған. Бірақ Таяу Шығыстағы соғыс басталғаннан кейін бірнеше апта ішінде ел мұнай импортын күрт қысқартып, соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда екі есеге азайтты. Журналдың пікірінше, дәл осы фактор бағаның шектен тыс өсуіне жол бермеген.
Сонымен бірге Қытай импортты қысқартқанымен, өзінің энергетикалық қажеттілігін қалай өтеп отырғаны, бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны және не себепті мұндай шешім қабылдағаны әзірге түсініксіз болып отыр. Бұған дейінгі «апаттық» болжамдар сұраныс пен ұсыныс заңына негізделген еді. Қақтығысқа дейін Ормуз бұғазы арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданып, бұл әлемдік жеткізілімнің бестен бір бөлігін құрағаны белгілі.
Әртүрлі елдер жоғалтулардың орнын толтыру жолдарын әр жолмен тапты, оның ішінде стратегиялық қорларды пайдалану да бар. Соған қарамастан, бағаның белгілі бір деңгейде өскені рас.
Журнал мәліметінше, Қытай сатып алуды тоқтатқан мұнай көлемі бұғаз жабылғаннан кейінгі жалпы жоғалтудың шамамен төрттен бір бөлігіне тең. Бұл көрсеткіш Үндістанның тәуліктік импортына – шамамен бес миллион баррельге сәйкес келеді. Осылайша, басқа елдерге бағытталған ресурс есебінен нарықта ірі тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік туған.
«Қытай, сөзсіз, мұнай бағасын ұстап тұрған ең маңызды фактор болды. Ең қызығы – мұны ешкім, шынымен де ешкім алдын ала болжай алмады», – деді мұнай нарығының сарапшысы Рори Джонстон.
The Atlantic дерегінше, мұндай көлемде импортты қысқартудың ең қарапайым жолы – энергия тұтынуды азайту.
Алайда Қытайдың мұндай қадамға барғанын дәлелдейтін нақты айғақ жоқ. Сондай-ақ бұл жағдайды толықтай «жасыл энергияға» көшу арқылы түсіндіру мүмкін емес, себебі Қытай экономикасы әлі де мұнай импортына тәуелді.
Сарапшылардың ең ықтимал нұсқасы – Қытайдың жылдар бойы жинақталған ірі стратегиялық қорларын пайдаланып отырғаны. Дегенмен ашық қоймалардағы қорлардың толық күйде сақталғаны Қытай мұнайды көзден таса, құпия сақтау орындарында жинақтауы мүмкін деген жорамалға негіз болып отыр.
«Бұған нақты дәлел жоқтың қасы. Соған қарамастан, қисынды жалғыз түсініктеме – осы», – дейді Джонстон.
Кейбір сарапшылар Қытай осындай қадамдар арқылы өзінің «жұмсақ күшін» арттырып, жаһандық экономиканы тұрақтандыруға немесе АҚШ-қа ықпал ету тетіктерін күшейтуге тырысып отыр деп санайды.
Тағы бір болжам бойынша, Қытай әлемдік экономикаға қолдау көрсету арқылы өзінің өндірістік базасын қорғауды көздейді.
АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелер мен азаматтық теңізшілерге қарсы Иранның шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету үшін бірнеше операция жасап, тіпті он түн қатарынан оқ жаудырды. Салдарынан мұнай бағасы түсе қойған жоқ, кеіріснше кей күндері баға шарықтап кетті.
Oрмуз бұғазының бұғатталуы Қазақстан сияқты мұнай экспорттаушы елдерде мұнай бағасының уақытша өсуіне әкеледі. Бұл экономикаға оң әсер етуі мүмкін. Сарапшылар мұндай жағдайда Ұлттық қорға түсетін кіріс көбейіп, теңгеге қысым азаятынын айтады. Алайда бұл — уақытша әсер. Әлемдік инфляция өссе, Қазақстан импорттайтын тауарлар — азық-түлік, техника, дәрі-дәрмек, өндірістік жабдықтар — қымбаттап, ішкі нарықтағы баға да күрт өсіп кетеді. Сонымен қатар жаһандық экономика баяуласа, мұнайға сұраныс төмендеп, оның бағасы қайта құлдырауы мүмкін.
Сондықтан Ормуз бұғазы тек географиялық өткел емес, әлемдік мұнай тасымалының қақпасы және жаһандық экономика үшін ең осал нүктелердің бірі.
Қорыта айтқанда, қазіргі мұнай нарығы геосаяси жаңалықтарға аса тәуелді болып қалып отыр. АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісім — баға динамикасын айқындайтын басты факторлардың бірі. Егер шиеленіс шынымен бәсеңдесе, Brent бағасының төмендеуі жалғасуы мүмкін. Ал келіссөздер сәтсіз аяқталса немесе жаңа тәуекелдер пайда болса, нарық қайтадан құбылып, бағалар өсуі де ықтимал.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді