УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
Фото: УЕФА
Еуропалық футбол ассоциациялары одағы (УЕФА) және ұйым құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА ұйымдастыратын барлық турнирлерге, соның ішінде Әлем чемпионатына қатысудан бас тарту туралы бірауыздан шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жөнінде УЕФА-ның ресми мәлімдемесінде хабарланды.
Мәлімдемеге сәйкес, УЕФА басшылығы ФИФА-ның коммерциялық құқықтары мен халықаралық турнирлерді басқару үлесінің бір бөлігін жеке инвесторларға беру туралы бастамасына үзілді-кесілді қарсы. Ұйым мұндай қадам футболдың тәуелсіздігіне, ашықтығына және спорттық қағидаттарға кері әсер етуі мүмкін деп есептейді.
Осыған байланысты УЕФА аталған ұсыныстар толықтай кері қайтарылып, ФИФА жеке инвесторларға үлес сатудан ресми түрде бас тартқанға дейін өз құрамындағы ешбір ұлттық құраманың ФИФА ұйымдастыратын жарыстарға қатыспайтынын мәлімдеді.
Мәліметтерге сәйкес, Еуропалық футбол одағы барлық 55 ұлттық қауымдастықтың қатысуымен шұғыл онлайн жиналыс өткізуді жоспарлап отыр. Жиында Джанни Инфантино ұсынған бастамаға бірлескен жауап талқыланбақ.
Жоспарға сәйкес, FFE ұйымы ФИФА өткізетін ең ірі турнирлердің, соның ішінде әлем чемпионатының коммерциялық құқықтары мен ұйымдастырылуын өз бақылауына алуы тиіс. Сондай-ақ, ФИФА жаңа құрылымның аз үлестерін сату арқылы 4,2 миллиард долларға дейін қаражат тартуды және ұлттық федерацияларға төленетін қаржыны айтарлықтай арттыруды көздеп отырғаны айтылады.
Ал УЕФА бұл жобаға қатаң сын айтты. Дереккөздердің мәліметінше, УЕФА-ның негізгі қысым құралы – әлем чемпионатын бойкоттау қаупі. Бұған дейін де УЕФА осындай ұстаным арқылы ФИФА-ны әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартуға мәжбүрлеген еді.
Бұл шешім жүзеге асқан жағдайда халықаралық футбол тарихындағы ең ауқымды бойкоттардың бірі болуы мүмкін. Өйткені УЕФА құрамындағы елдер әлемдік футболдағы ең мықты құрамалардың басым бөлігін қамтиды.
Біз бұған дейін футболда әлемдік жанжал туындап, Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салғанын жаздық. Бұған ФИФА басшылығының әлем чемпионаты құқықтарын жеке инвесторларға сату жоспары себеп болды.
Соңғы кезде Джанни Инфантино әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін жеке компания құрып, оның акцияларын Дональд Трамптың жақын ортасының қолдауымен сату жолдарын қарастырып жатқаны туралы ақпарат осы әлемдік дауға бастама болғаны рас.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық