Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
Бейнеден кадр
Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы «Alfa Stom» стоматологиялық клиникалар желісінің бұрынғы басқарушы директоры Татьяна Беловаға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде журналист Жанна Байтелова мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот оны «Bazis-A» құрылыс компаниясының негізін қалаушы Александр Беловичтен ақша бопсалады деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде журналист Жанна Байтелова мәлімдеді.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Белованы Ресей азаматы Владислав Лихачёвке қатысты алаяқтық және қазақстандық кәсіпкер Беловичке қатысты бопсалау эпизодтары бойынша толық ақтаған болатын.
Прокуратура алаяқтық бөлігі бойынша ақтаумен келіскенмен, бопсалау бойынша шешімге қарсылық білдіріп, айыпталушыға жеті жыл түрме жазасын сұрады. Ал жәбірленуші Лихачёв оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен.
Айыпталушы мен оның қорғаушылары іс барысында процессуалдық заңбұзушылықтар болғанын алға тартты. Адвокаттың айтуынша, бопсалау бойынша айыптау Беловаға тергеу аяқталуға бір күн қалғанда ғана тағылған, ал оған дейін ол тоғыз ай қамауда отырған. Сондай-ақ қорғау тарабы прокурордың іс материалдарына Франция соттарынан алынған, бастапқы айыптау актісінде болмаған құжаттарды қосқанын атап өтті. Қорғаушылардың айтуынша, сотта жауап беру кезінде Белович Белованың жеке өзі одан ақша талап етпегенін айтқан.
Татьяна Белова соңғы сөзінде өзін бұрынғы жұмыс берушісі – «Alpha Stom» клиникасының иесі Лилия Аношина мен Белович арасындағы Монакодағы мүлік дауының «құрбаны» болғанын мәлімдеді. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағымдарында бұған дейін Беловаға қатысты күдік алынып тасталған істердің материалдарына сүйенген. Олардың қатарында қолтаңба қолдан жасау эпизоды да бар. Сондай-ақ айыпталушы әлеуметтік желілерде Белович туралы жазба жариялай алмағанын, өйткені сол кезде қамауда болғанын айтты.
Татьяна Белова тергеу изоляторында екі жылға жуық уақыт өткізген, оның алты айы сот процесі кезінде өткен. 30 шілдеде өткен отырыста апелляциялық алқа істі қайта қарауды аяқтап, ақтау үкімін жойды.
Жалпы бұл іс 1,5 миллион доллар көлеміндегі мүлік пен автокөліктерге байланысты даудан туындаған. Даудың қатысушылары – ресейлік IT-кәсіпкер Владислав Лихачёв, оның бұрынғы жұбайы Лара Эртль және оның анасы, «Alpha Stom» клиникасының иесі Лилия Аношина.
Бұл процеске қаржылық аударымдарды жүзеге асырған заңгер Татьяна Белова да тартылған.
Лихачёв бұрынғы туыстарын автокөліктерді иемденді және қаржылық алаяқтық жасады деп айыптаған. Алайда оларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, керісінше Лихачёвтың өзіне қарсы істер қозғалғаннан кейін ол Қазақстаннан кеткен.
Кейін Татьяна Белова ұсталып, Беловичтен ақша бопсалады және Лихачёвке қатысты алаяқтық жасады деген айыптар тағылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
- Алматылықтар көліктерін үй маңындағы тұраққа тегін қоя алады
- Бас прокуратура қылмыстық процеске ЖИ қосты: Не өзгереді?
- «Теңізшевройл» мұнайы тиелген танкер КҚК терминалы маңында шабуылға ұшырады