«Хуторлықтар мен Хасанның қатысы»: Шерзаттың сотындағы тың ақпараттар
Фото: Orda.kz
Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты алғашқы негізгі сот отырысы басталды. Адвокат Мейірман Шекеевтің сөзінше, Шерзаттың өліміне «Хуторлықтар» деген топтың да, Хасанның да қатысы жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылы Азамат Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, оның үкімі Шерзат қаза тапқаннан кейін, тергеу изоляторында отырған кезде шыққаны анықталды.
«Бұл жасалған қылмыс болып саналмайды, себебі үкім әлі күшіне енбеген. Сондықтан бұл жазаны ауырлататын іс ретінде қарастырылмайтын болды», — деді жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев.
Үйдің өртенуіне байланысты Ресей Федерациясына спутниктегі деректерге қатысты арнайы сауал жолданды. Онда Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты сауал да бар.
Тергеушілер Нұрқанат қаза болғанда кімдердің жақын маңда болғанын, қандай көліктер жүргенін анықтауға тырысқанымен, күдіктілер табылмады. Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс жеке қаралады.
Бұған дейін аты аталған «Хуторлықтар» атты «бұзақылар» тобына қатысты тергеу барысында тек бір адам келіп, өзін сол топтың мүшесімін деп таныстырғаны белгілі болды. Алайда тексеріс нәтижесінде бұл адамның және жалпы топтың оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екені дәлелденді. Сондай-ақ, Хасан Қасымбаев та бұған дейін заң бұзғанымен, оның Шерзаттың ісіне қатысы болмағаны анықталды.
Тергеу жалғасып жатыр. Ресми органдар қоғамды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырады.
Сот залындағы Orda.kz тілшісі болып жатқан жағдайды баяндап, тікелей ақпарат таратып жатыр.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымовпен, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық