Еуропалықтың цифрлық сауаты
"Табалдырық тоздырғанша, пернетақтада зырылда" деген ұран тасталғалы, Қазақстанда азаматтық қолданысқа 39 қызмет электрон форматқа өтті. Электрон қызметтердің қолайлы екенін азаматтар тұрмыстық деңгейде бағалап үлгерді. Ыңғайлы екені айтылып жүр. Бірақ, бәрімізге ыңғайлы ма?
Электрон қызметтер ыңғайлы болғанымен қоса, қауіпті де болуы мүмкін. Қызылордалық Жанабай Махамбетов ЭЦҚ бар флэшінжоғалтқаннан кейін, сыртынан 47 млн теңгеге несие рәсімделген. Мұндай оқиғалар орын алғанда, “цифрлық сауатты көтеру керек”деп жатады. Мұның тіпті индикаторы бар. Мысалы, қазақстандықтардың 87%-ы цифрлық сауатты болып есептеледі. Мұның жоғары не төмен көрсеткіш екенін айту қиын. Себебі “цифрлық сауат” жөнінде әлем бойынша, ЖІӨ сияқты ортақ анықтама, жалпы әдістеме жоқ.
Айталық, Еуропа Одағы цифрлық сауат ашуды адамның жас және әлеуметтік ерекшелігіне қарай жүргізеді.
Тиянақтылық дұрыс терминологиядан басталады. Біздің “цифрлық сауат” дегеніміз Еуропа Одағында “цифрлық машық” (digital skills) деп аталады. Сауат – бір реттік нәрсе. Әліппені үйреткеннен кейін өмір бойы өзің оқисың. Ал машық – үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Сондықтан, Еуропа Одағында азаматтарды цифрлық машықтандыру үздіксіз жүреді.
Цифрлық машығын арттыруы керек азаматтар шартты түрде 25–64 жас аралығында деп алынған. Олар өз кезегінде жұмыссыздар, жалпы, білігі аздар деген категорияларға бөлінген. Сәйкесінше, машықтандыру бағдарламалары да – бөлек. Мысалы, “егде жастағыларды цифрлық социализация жасау” деген түсінік енгізілген. Бұған қоса, қарттардың цифрлық қызметтерден оқшаулануы саяси проблема ретінде қарастырылады.
Жасөспірімдер де назардан тыс емес. Digital Native толқынды(“цифр заманының байырғы өкілі”) машықтандырудың қажеті жоқ деу дұрыс емес дейді, Аликанте университетінің (Испания) профессоры Серджо Луджан Мора.

Профессор Серджо Луджан Мора: “Бірден цифр дәуірінде туған адам жаңа технологияларды түйсік деңгейінде өзінен өзі үйреніп кетеді деген наным бар. Бұл – нағыз миф. Жастардың көбін “онсыз да біледі” деп есептеп, ең болмаса формал түрде оқытпағасын, олар түрлі қызметтерді, платформаларды пайдалану кезінде қиындыққа ұшырайды, мысалы, мәтінді ұзақ тереді”.
Мапықтандыру арнайы курсқа жіберу арқылы да, жұмыс орнында да жүргізілуі мүмкін. Машықтандыру курстарын жеке компанияларнемесе волонтерлер гранттар негізінде жүзеге асырады.
Мұның икемділігін бір мысалдан көруге болады.
Жасанды интеллект, нейрогенерациялық желілер – соңғы екі жылдықтың тренді. Оны жалпылама “маңызды нәрсе!” деп баяндама жасау бөлек те, практикаға енгізу бөлек. Еуропа Одағында трендке шұғыл жауап беру былайша жүзеге асқан:

Europass – Еуропа Одағының білік немесе оқу деңгейіне байланысты оңтайлы жұмысқа орналастыру және ақпарат жинау ұйымы. EU4Digital – Еуропа одағының цифрлық машықтарға байланысты бағдарламалық бастамасы.
Нәтижесінде, ақпараттық технологиялардағы трендтер оқу бағдарламасына шұғыл енеді. Жоғарыда “жасанды интеллект қажет!” деп шешілгеннен бастап, оның нақты жұмысшы мен қызметкердің жұмысынан көрініс табуына дейінгі уақыт мейлінше қысқа. Сондықтан, клерк немесе копирайтер үшін жасанды интеллект алыс-жақын болашақтың технологиясы емес, қал-қадірінше тап қазір пайдалана беруге болатын құрал.
Цифрлық машықты жетілдірудің тағы бір бағыты –киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Киберқауіпсіздік мәселесі цифрлық машық бағдарламаларының міндетті бөлігі. Оқыту бағдарламасындағы киберқауіпсіздік жөніндегі мәселелерді ENISA киберқауіпсіздік агенттігі қамтамасыз етеді.
Киберқауіпсіздікті азаматтық қорғаныс деңгейіне түсіру үшін, қауіпті инциденттер кезінде нақты не істеу керек деген гайдтар жасалған. Мысалы, қатардағы азамат дербес мәліметінің қауіпсіздігіне нұқсан келуі туралы полицияға 72 сағат ішінде хабарлауы керек. Жиі кездесетін оқиғаның салдары жөнінде тәптіштеп жазылған ресми мақалалар да бар.

“Мен бөліскен мәлімет тарап кетсе, не істеуім керек?”
Бұдан басқа – мемлекеттік органдар мен компаниялардың киберқауіпсіздігі бойынша нұсқаулар көп. Цифрлық машығын жетілдірген азаматқа инцидент кезінде көп жағдайда – гуглдеп көру ғана жеткілікті.

Цифрлық машықты арттырудағы мұндай жұмыстардың саяси астары бар дейді Еурокомиссияның цифрлық машық және интерактив технологиялар бойынша өкілі Энн Бажарт. Оның мәліметінше, ЕО аумағында қазір 8,5 млн ақпараттық технология мамандары бар. Ал 2030 жылға дейін 20 млн маман керек. Азаматтарды цифрлық машықтандырудың түпкі мақсаты – ICT (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы мамандардың санын да көбейту.
Расымен, Еуропа Одағының ICT саласындағы потенциалын Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ-пен салыстыратын зерттеулер өте көп. Еуропа мешеулеп қалудан қорқады. Сондықтан цифрлық машық гуманистік идеядан гөрі, экономикалық өрлеудің талабы болып отыр.
Автор: Ерлан Оспан
Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық