Есірткі таратқандар тағдыры: «Менің болашағым жоқ»

cover Фото: DALL-E

Еліміздің түрмелерінде есірткіні белгілі жерлерге «жасыратындар» қатары көбейіп барады. Олардың басым көпшілігі не орта не жоғары білімі жоқ жастар екені қынжылтады. Orda.kz тілшісі қоғамның дертіне айналған осы мәселеге үңіліп, тақырыпқа арналған фильмдерді талдады.

Документалист Ринат Балғабаев Қарағанды облысының прокуратурасымен бірлесе отырып, есірткіні белгілі жерлерге  «жасырып» сотталғандар жайлы деректі фильм түсірді. 

18-20 жас шамасындағы жастар темір торға тоғытылған. Сұрастыра келе мұндай іске баруға басты себеп ретінде материалдық қиындықтар түрткі болғанын айтты. Көбі жұмысқа кірген сәтте-ақ бір сағат та жұмыс істемей жатып полицияның құрығына ілініп, 10 жылға сотталып кеткендер.

ТОЙҒА АҚША ТАБАМ ДЕП ТЕМІР ТОРДАН БІР-АҚ ШЫҚҚАНДАР

Айдын атты жігіт бұл жұмысқа кірген күні-ақ құқық қорғау органдарының қолына құрықталыпты. 

Айдын / Закладака / бейнеден кадр
Айдын / Закладка / бейнеден кадр 
«Мен жасаған әрекетіме қатты өкінемін. Бар ниетім әпкем тұрмысқа шығып жатты, соның тойы жақсы өтсін деп осы жұмысқа бардым. Кіріскенім сол-ақ еді, бірден ұсталдым. Нәтижесінде 12 жыл арқалап кеттім. Мен темір торға тоғытылғанда әпкемнің тойы болып жатты», — дейді өкініштен өзегі өртенген Айдын.

Бастапқыда ұсталған сәтте адвокаттардың кеңесі бойынша ол істеген әрекетін мойындамай қойған екен. Соның салдарынан прокурор 13 жыл сұраған ал судья 12 жыл берген екен. 

«10 жыл деген оңай емес. 10 жыл бойы сүретін өміріңді күнделікті қайталау жегідей жеп бітеді. 19 жасымда отырдым, 29-да шығамын. Қазірдің өзінде құрдастарым өз өмірлерін құрап, үйленіп, балалы-шағалы болып жатыр. Мен тіпті орта білімді де толығымен яақтамадым. Шығамын 10  жылдан соң, мені күтіп отырған ешкім жоқ, жұмыс жоқ. Қоғамға қайта бейімделу үшін тағы 5 жыл керек кемінде. Жалпы айтқанда болашағым жоқ», —  дейді  есірткі таратқаны үшін сотталған 20 жастағы Темірлан.
Темірлан / Закладака / бейнеден кадр
Темірлан / Закладка / бейнеден кадр 

Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың арасында егде жастағыларда бар болып шықты. Солардың бірі 56 алты жастағы Түркістандық Гүлнәз бұл жұмысты ғаламтордан OLX-да хабарландыру арқылы тапқан екен. 

Гүлнәз / Закладака / бейнеден кадр
Гүлнәз / Закладка / бейнеден кадр 
«Өмірімде осындай жерге тап боламын деп ойламаппын. Өмір бақи жұмыс істедім, ешқашан несие де алып көрмегем. Әпкем ұлын үйлендіріп жатты, тойға ақша қосуым керек болды. Бізде енді Оңтүстікте тойға ерекше көңіл бөледі ғой. Сол кезде пайызға  300 мың теңге алдым. Бастапқыда жалақымды алған соң тез жауып тастаймын деп ойладым. Соны төлеу үшін осы жұмысты таптым, мен онда небары 200 мың теңге таптым да 10 жылға сотталып кеттім», — деп көз-жасына ерік берді Гүлнәз.

Мұнда сотталғандардың көбісі бастапқыда есірткі таратудың қаншалықты ауыр қылмыс екенін жазасы 10 жылдан жоғары болатынынан мүлдем хабарсыз болып шықты. Мысалы 22 жасар Сәбинаның қаншалықты ауыр қылмыс жасағаны тек түрмеге тоғытылғанда ғана санасына жетіпті.

Сәбина / Закладака / бейнеден кадр 
 Сәбина / Закладка / бейнеден кадр 
«Ешкім бұл істің геноцид екенін түсінбейді. Қазіргі сәтте осы жерде отырып, әр күнімді, әр әрекетімді ой елегінен өткізе отырып, мен адамдарды улап келгенімді түсіндім. Бірақ мен ешкімді бұл затты алуға мәжбүрлеген жоқпын ғой, есірткіні сатып алғандар оны өз еркімен алды. Оларға ешкім күшпен тықпалаған жоқ. Яғни, менің жағдайыма екі жақты қарауға болады. Мені адамдарды улаған, есірткінің таралуына көмектескен адам ретінде немесе балалар үйінде өскен, дымсыз қалған жалғызбасты ана ретінде қарауға болады. Шынымды айтсам, мен мұның соншалықты ауыр қылмыс екенін түсінбеппін. Бұл әрекетімнің 297-баптың 3-бөлігі бойынша 10 жылдан жоғары жаза қарастырылатынын ешқашан естімеппін де. Яғни, мұндай іс үшін түрмеге қамайтынын білмедім. Шынымды айтсам, бұл мені қызықтырған да емес», — деді Сәбина.

Тараз облысы бойынша соңғы 3 жылда есірткіге байланысты аса ауыр санаттағы қылмыс жасағаны үшін 175 тұлға 10-15 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылыпты. Сотталғандардың 47-сі 21-29 жас аралығында болса, екі адам кәмелет жасына да толмаған. TARAZ 24 арнасының FOCUS бағдарламасының есірткі таратушылар туралы арнайы шығарылымында мұндай жағдайға тек білімі жоқ, ақшаға мұқтаж болғандар ғана емес беделді оқу орындарында оқыған ненің жаза, ненің қылмыс екенінің ара-жігін ажырата алатындар да тап болатынын көрсеткен.

Мысалы, Карим атты жігіт Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, КБТУ атты беделді жоғары оқу орнының студенті болған. Отбасында ешқашан қаржыдан қиындық көрмесе де жеңіл ақшаның желеуінде кеткен. Ол бұл жұмысты әдеттегідей telegram арқылы тапқан «Миллионнан жоғары табыс тапқың келсе бізге кел»  деген хабарландыру көпшілікті елең еткізері анық. Курьер болып бастапқыда сынақтан өткізіп алып артынша есірткі таратқыза бастайды. Жарты жолда бұл жұмыстан шыққысы келген адамды қорқытып-үркітіп ақыры бір айналса, шыр айландырып кетеді екен. 

Жоғарыдағы кейіпкерлердің көбісі жұмысты QR кодпен telegram қосымшасына өту арқылы тапқан. Осыған байланысты Orda.kz тілшісі Алматы көшелеріне шығып кез-келген  «Жұмысқа орналасқың келсе QR код арқылы өт» деген хабарландырулардың адым жерде ілініп тұрғанын байқады. Қарапйым QR кодтың артында адам өмірін құртатын құрдым тұр. Заң өкілдері осындай заңсыз хабарладыруларды назарға алуы керек. Өйткені олар есепсіз көп.  

Фото: Orda.kz
Фото: Orda.kz

Ресми деректерден дәйек келтірейік

Қазір қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткіні тарату, сақтау және өндіру үшін сотталған шамамен 4,3 мың адам бар. Соңғы екі жылда есірткі сатқаны үшін сотталғандар саны 30%-ға өсті. Жалпы 297 бап, яғни есірткіні заңсыз таратқандары үшін сотталғандардың айтуынша, 10 жыл жаза тым ауыр. 5 жыл адамды көп нәрсеге өзгертіп, жасаған әрекетіне ойлануға болатын жеткілікті уақыт деп есептейді.

Осыған байланысты мәжіліc депутаты Данабек Исабеков есірткі жасырып сотталғандарпдың жазасын жеңілдету туралы сауал жолдаған болатын. Оның айтуынша, түрмеде бүгін де есірткіні ұсақ таратушылар мен үлкен көлемде оны айналымға салатындарға 10 жылдан бастап беріледі. Ал парламентке дәл осы ұсақ таратумен айналысып құрықталғандардың отбасы жиі жүгініп жазаны жеңілдетуді сұрайды екен.

Сонымен қатар,  қазіргі заманғы есірткілердің қолжетімділігі алуан түрлі. БҰҰ-ның 2024 жылдың маусым айындағы деректеріне сәйкес, шамамен 64 миллион адам есірткі тұтынуға байланысты зардап шегуде. Нарколог дәрігерлер бүгінгі күні ең үлкен қауіпті қазіргі синтетикалық заттар (экстази, амфетамин, спид, метадон, тұз, ЛСД, мефедрон) тудыратынын ескертеді, олар «дәстүрлі» есірткілерді (героин, кокаин, апиын) ығыстырып барады екен.

Бұл әлемнің дерті, қоғамның дерті қазақ жастарын жастайынан 10-20 жылдан түрмеге тоғытып, келесі онжылдықта темір тордан шыққанда барар жері басар тауы, істер жұмыс жоқ болғандықтан қылмыскерлерлдің тағы бір толқынының шығуына итермелеуі мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар