Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
Фото: Orda.kz
Есік қаласында қызды шығарып салуға барған 17 жастағы жігітті бір үйдің ағайынды 14 жастағы жасөспірім баласы екі жерінен пышақтап, ал оның 17 жастағы ағасы басынан бірнеше рет теуіп өлтірді. Марқұмның туыстары енді екі кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірімдердің ісі екі бөлек қаралып жатқанына наразы. Orda.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
Оқиға 2026 жылдың 1 қаңтарында Есік қаласының Алмалы деген шағын ғана ауылында болды. 17 жастағы Жангелді Мұрат 9 сыныпты бітіріп Талғардағы медициналық колледжге түскен, жаңа жылда мерекені бірге тойламаққа әрі жақындарының қасында болуға ауылға келген екен. Сол келгендегі сапары оның соңғы сапары боларын білмедік деп, ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Марқұмның анасы Жанар Талқанбаеваның айтуынша, оқиға шын мәнінде болмашы бір себептен басталған екен. Жангелді Мұрат өзін шығарып салуды өтінген қызға бара жатқанда бір-екі көше ары тұратын сол ауылдың балаларына жолығып қалып, сөзден сөз шығып, арты төбелеске ұласып кеткен.
«Балам 1 қаңтарда әлеуметтік желіде отырғанда көрші көшенің қызы өзін бір үйден алып кетіп, шығарып салуды өтінеді. Жангелді жақсы деп сол үйге бара жатқан жерінен алдынан 14 жастағы Есікте спорт мектепте оқитын бала шығып, қасында тағы бірнеше бала бар, баламнан қайда бара жатқанын сұрайды. Жангелді еш арам ойы жоқ пәленше деген қызды шығарып салайын деп едім деп айтады. Содан әлгі бала менің ұлыма дікеңдеп «ол біздің қарындасымыз неменеге шығарып саласың» дегендей сынықтан сылтау іздеп тиісе бастайды. Сол жерде екеуі ерегісіп қалады да, ары қарай 14 жастағы бала өзінің үй жағына ағасына ертіп алып барады. Сол жерде төбелес басталып, ағасы баламның басын тепкілеген, ал мына бала өкпесімен қолтығы жағынан пышақ салған да оқиға орнынан қашып кеткен», – деді анасы.
Жанар Талқанбаеваның айтуынша, тұла бойы тұңышы сол жерде аузынан атқылаған қанға тұншығып ауруханаға барар жолда жан тапсырыпты.
«Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте жедел жәрдем шақырған бірақ олар ұзақ келмеген соң араға 40 минуттай салып өздері көлікке салып апарған екен. Балам аузынан атқылаған өз қанына тұншығып өлді. Мақсаты бөлек, бітімі екерекше еді осы баламның, бес уақыт намазын тастамай оқитын еді, артық бір көшеге де шықпайтын тұйық, өзімен өзі жүрген бала еді. Қарап отырсам, болмашы бір себеп үшін өліп кеткеніне ішім удай ашиды. Анықталғандай әлгі менің қарындасым деп сөйлеген балалардың ол қыз шын мәнінде ешқандай қарындасы болмай шықты, тіпті ол қыз бұларды танымайды да, араласпайды да екен. Екі ортада балам себепсізден себепсіз күйіп кетті ғой», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.
Қазіргі уақытта Жанар Талқанбаеваның айтуынша, Жангелді Мұратты пышақтаған 14 жастағы балаға «кісі өлімі» бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторында екен. Ал оның туған ағасы, 17 жастағы жасөспірімге 109-1 баптың 2-бөлігі 8-тармағы, яғни «ұрып-соғу» бойынша іс қозғалса да бала мектепке барып жүр екен.
«Ол отбасының екінші баласы істі болса да мектепке барып, ТикТок-та отырып, есігіміздің алдынан ары-бері өтеді екен. Ол барған мектепке Жангелдінің артында қалған інісі мен қарындасы да барады. Ағаларының өліміне себепші болған жанды күнде мектепте ойнап-күліп, ештеңе болмағандай жүруін көру қиын. Немеремнің Жангелді өлген соң шашы ағарып кетті, ал інісі уайым-қайғыдан ісініп кетті. Неге ол бала істі болса да мектепке барып жүр? Ең сұмдығы ол екі күдіктінің анасы сол немерелерім оқитын мектепте мұғалім», – дейді атасы Инаш Шорманов.
Марқұмның анасының айтуынша, қазір іс сотқа өткен тіпті алғашқы сот отырысы да болған екен. Олардың ең басты наразылығы бір үйдің екі ұлының бірі ұрып, екіншісі пышақтаған істі екі бөлек қарап, екі бөлек сот процесі болатынын түсіне алар емес.
«Менің ойымша бұл іс «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ұйымдасқан топпен жасалған кісі өлтіру» бабымен қаралуы керек. Неге бұл іс екі бөлек қаралуы керек? Екеуі бір адамның өліміне себепші болып отыр. Куәгерлер бар, өздері де жауап берді, бірі екі рет пышақтап, екіншісі басынан тепкілеп, миына қан құйылған. Менің ана ретінде, осы елдің азматшасы ретінде талабым екі іс бірге қаралсын. Оның үстіне екі іске екі адвокат жалдайтын менде қаражат та жоқ», – деді Жанар Талқанбаева.
Қазіргі уақытта, іс сотқа өтті, негізі сот отырыстары енді басталады. Бұл істі қолға алған танымал заңгер Мейірман Шекеев. Ал туыстарының талабы жоғарыдай — әділ жаза. Orda.kz. бұл істі өз назарына алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Есіктегі адамның есін шығарар оқиға: 14 жастағы бала 17 жастағы жасөспірімді екі жерінен пышақтап өлтірді
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды
- Катар мен Түркия Иранға үндеу жасады: Ормуз бұғазын қысым көрсету құралы ретінде қолданбасын
- Таразда рұқсаты жоқ жасөспірімдер көлікпен қашып, апатқа ұшырады
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады