Сенат депутаты қаржы министріне шүйлікті
Үкімет сағатында сенат депутаты Дархан Мыңбайға қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың баяндамасы ұнамады.
Депутат орыс тілінен қазақ тіліне аударылған баяндаманың кейбір сөздерін түсіну қиын екеніне тоқталды.
– Цифрландыру кезінде мемлекеттік тілдің жағдайын да ескеру керек. Сіз өзіңіздің презентацияңызда «адамдық бағдар» деп атапсыз. Енді басқа қандай бағдар болуы мүмкін? Адамдық емес бағдар бола ма? Сөздерді түсіну қиын, калька аударма. Ерұлан Кенжебекұлы, сіз мемлекеттік тілді меңгерген азаматсыз. Мәтінді ұғымды, жұрт естіген кезде түсінікті болатындай аударуға көңіл бөлсеңіз. Мысалы, әкімшілендіру деген сөздің орнына басқа сөзді қолдануға болады. Оның «администрирование» екенін білеміз, – деді депутат.
Дархан Мыңбай жоғары білімі бар адамдар «қашықтан әкімшілендіру» (удаленное администрирование) сөзінің мәнін өздері түсінбейтінін айтты. Сондықтан баяндама халыққа түсінікті тілде жазылуы тиіс, деп есептейді депутат.
– Менің ойымша, мұның бәрін сіздер мемлекеттік тұрғыдан бақылап отыруларыңыз керек. Жұрт цифрлық трансформациядан қиналып жүргенде оларды одан әрі үркітудің қажеті жоқ деп санаймын. Мысалы, адалдықты ынталандыру деп жазылыпты. Ынталандыру деп жазылса да түсінікті ғой. Болашақта осыған назар аударсаңыз, – деп кеңес берді депутат Ерұлан Жамаубаевқа.
Өз кезегінде министр депутатты сынға алды.
– Дархан Қамзабекұлы, ұсыныңызды қабылдадым. Себебі дұрыс айттыңыз. Цифрдың тілі оңай емес. Ол инновация мен техниканың тілі ғой. Сіз «адамдық бағдар» деп айттыңыз. Оның орысшасы «человекоцентричность». Оны қазақшаға аудару оңай емес... Әрине, біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, – деп уәде берді Ерұлан Жамаубаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық