Дастан Сәтбаев «Бернли» құрамында алғаш сұхбат берді: Жаңа рекордтар орнатамын
Фото: «Бернли» ФК
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англияның «Бернли» клубына ауысқаннан кейін алғашқы сұхбатын берді. Клубтың баспасөз қызметі сұхбатты YouTube арнасында жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қайрат» академиясының түлегі маусым айында алматылық клубтан кетіп, лондондық «Челси» командасына ауысқан еді. Маусым алдындағы дайындықтан кейін «Челси» Сәтбаевты бір жылға жалға берді. Қазір қазақстандық футболшы Англия чемпионатының екінші деңгейінде өнер көрсететін «Бернли» сапында ойнап жүр.
«Меніңше, бұл мен үшін жақсы әрі дұрыс қадам. Мен жергілікті футболға бейімделіп, Чемпионшипте футболшылардың қалай ойнайтынын көре аламын. Бұл ағылшын футболына жақсырақ төселуіме көмектеседі. Енді маған тек жұмыс істеп, өзімді жетілдіру керек», – деді Сәтбаев.
18 жастағы футболшы «Бернлидегі» алғашқы күндері туралы да айтып берді. Оның сөзінше, командаластарымен және бас бапкері, бельгиялық Ник Хайенмен жақсы қарым-қатынас орнаған.
«Алғашқы күндерім жақсы өтті. Барлық жігіттер мені жылы қарсы алды. Үнемі жағдайымды сұрап, бір нәрсе керек емес пе деп біліп отырады. Сондықтан бұл клубтың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Мен де жігіттерге көмектесуге әрдайым дайынмын. Егер бір нәрсені дұрыс істемесем, олар қателігімді түзетуге және жақсырақ болуға көмектеседі.
Бас бапкер өте жақсы. Екеуіміздің арамызда жақсы байланыс қалыптасты. Ол менің ауысқаныма қуанышты екенін айтты. Бапкердің мұны айтуы өте маңызды. Сондықтан мен әрі қарай дамып, алға жылжуым керек», – деді Сәтпаев.
Қазақстандық футболшы Чемпионшип пен Англия премьер-лигасындағы тығыз ойын кестесінен қорықпайтынын айтты. Оның пікірінше, әр 3-4 күн сайын өтетін матчтар футболшыларға спорттық бабын жақсы сақтауға мүмкіндік береді.
Сәтбаев «Қайрат» пен Қазақстан құрамасында қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмайтынын да атап өтті.
«Әрине, бұл жақсы. Бірақ менің мүмкіндігім мұнымен шектелмейді. Мен бұдан да жақсы нәтиже көрсете аламын. Егер осы қарқынмен жалғастыра берсем, жаңа рекордтар орнатуым да мүмкін», – деді футболшы.
Сондай-ақ ол Англияға көшкеннен кейін әзірге баспана іздеп жүргенін айтты. Тұрмыстық мәселелерін шешкен соң, командаға толыққанды дайын болатынын жеткізді.
«Кейде отбасым Лондонға ұшып келіп тұрады деп жоспарлап отырмыз. Мен оларды күтемін. Әзірге баспана табуым керек. Содан кейін толық дайын боламын», – деді Дастан.
Дастан Сәтбаев лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындардарын өткізіп, бүкіл халық оған ақ жол тілеп шығарып салған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық