Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысады
Фото: elordainfo.kz
«Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін өз алаңымыздағы матчтарға билет сатыла бастады. Дастан Сәтбаев үшін бұл кездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қайрат» Дастан Сәтпаевпен қоштасу рәсімі өтетін күнді жариялады. Алматылық «Қайрат» футбол клубы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысуы қарсаңындағы соңғы ойындары өтетінін хабарлады.
Клуб мәліметінше, 13 және 17 маусым күндері Қазақстан чемпионаты аясында «Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін матчтар Сәтпаев үшін «Қайрат» сапындағы соңғы ойындар болады. Осыдан кейін ол Лондонға аттанады.
«Соңғы ойыннан кейін стадионда арнайы қоштасу рәсімі ұйымдастырылады. Бұл кездесулер біздің тәрбиеленушіміз үшін сары-қара жейдедегі соңғы матчтар болмақ. «Қызылжарға» қарсы ойыннан кейін Орталық стадионда шабуылшымызбен қоштасу рәсімі өтеді. Алда оны Еуропаның үлкен сахнасында жаңа сынақ күтіп тұр» деп жазылған клуб мәлімдемесінде.
Дастан Сәтбаев – АПЛ-дегі алғашқы қазақстандық. Дастан Сәтбаевтың «Челси» клубына трансфері 2025 жылдың ақпан айында рәсімделген болатын. Сол кезде оның кәмелет жасына толмайынша Англияға ауыса алмайтыны айтылған.
Бұған дейін танымал инсайдер Фабрицио Романо бұл келісім туралы хабарлап, трансферді Қазақстан футболы тарихындағы рекордтық мәміле деп атаған. Оның мәліметінше, «Қайрат» клубы ойыншы үшін шамамен 4 миллион еуро алады.
Сәтбаев «Челси» скауттарының назарына «Қайраттың» жастар құрамында өнер көрсетіп жүргенде іліккен. Ол небәрі 16 жасында негізгі құрамда дебют жасап үлгерді.
Қазіргі таңда оның еншісінде Чемпиондар лигасының іріктеу және негізгі кезеңдеріндегі голдар, Қазақстан Премьер-лигасында 19 гол, екі чемпиондық атақ және ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы мәртебесі бар.
Бұған дейін Дастан Сәтпаевтың өзі де «Қызылжарға» қарсы ойын оның Қазақстан Премьер-лигасындағы соңғы матчы болатынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық