Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
Фото: instagram.com/d.satpayev
Кеше Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды. Енді «Челси» клубымен келісімшарты ресми түрде күшіне енгеннен кейін оның фотосы Англия Премьер-лигасының ресми сайтына қосылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін қазақстандық футболшы халықаралық түрлі платформаларда және лондондық клубтың ресми құжаттарында команда құрамына енгізілген болатын.
Сәтпаев «Челси» клубына 1 шілдеде қосылды, команданың маусым алдындағы турына қатысып, төрт матч өткізір үлгерді. Қазақстандық шабуылшы төрт жолдастық кездесуде – «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус» және малайзиялық «Джохор Дарул Тазим» клубтарына қарсы матчтарда алаңға шықты.
«Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен өткен ойында Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты.
«Челси» келесі жолдастық кездесуін 15 тамызда испаниялық «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді. Ойын «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді.
Алматылық «Қайраттан» қанат қағып ұшқан Сәтбаевтың «Челсиге» ауысатыны туралы 2025 жылдың ақпанында жарияланған болатын. Ол «Челси» сапында шабуылшы ретінде 36-нөмірмен тіркелген.
Трансфер құны 2,4 миллион еуро болды. Бонустарды есептегенде бұл 4,3 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін. Келісімшарт заңды түрде 2026 жылғы 12 тамызда, яғни Сәтбаев 18 жасқа толған күні күшіне енді.
Бұған дейін «Челси» Сәтбаевқа ойын тәжірибесін жинақтау үшін оны бір жылға жалға беру мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған болатын. Себебі оған «Страсбур», «Расинг», «Халл Сити» және басқа да клубтар қызығушылық танытып отыр.
Шілдеде Дастан Сәтбаев ағылшынның «Челси» клубының негізгі құрамында алаңға шығып, алғашқы голын соқты. Ең бастысы Сәтбаев ағылшын клубы сапында өнер көрсетіп, өзінің алғашқы жүлдесін алып та үлгерді.
Футболшының Премьер-лига базасында пайда болуы оның тіркелгенін растайды, алайда бұл оның маусым бойы негізгі құрамда ойнайтынына кепілдік бермейді. Трансферлік терезе 1 қыркүйекте жабылғанға дейін бапкерлер штабы жас шабуылшыны ойын тәжірибесін жинақтау үшін басқа клубқа жалға беруі де мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық