Данияда Құранды өртеуге заңнамалық деңгейде тыйым салынады
Алдағы уақытта қаралуы жоспарланған жаңа заң тек Құранға ғана емес, Інжіл, Таурат және басқа да діни нышандарды қорлауға да қатысты болады.
Данияда үкімет Құранды өртеудің жиілегеніне алаңдап, жұма күні Құранды өртеуге тыйым салатын заң жобасын таныстырды. Euronews хабарлағандай, бұл бірқатар мұсылман елдерінің билігі рұқсат берген әрекеттер наразылық тудырған соң қолға алынды.
Әділет министрі Питер Хуммельгаард баспасөз брифингінде бұл заңның «діни қауымдастық үшін діни маңызы бар нысандарды теріс пайдалануына тыйым салатынын» мәлімдеді.
Бұл ереже Киелі кітапты, Тауратты немесе басқа да діни белгілерді қорлауға да қатысты. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, сондай-ақ жалпы жұртшылық арасында қорлауды таратуды көздейтін, мұндай нысандарды өртеу немесе таптау туралы айтып отырмыз.
«Құранды өртеу, түбегейлі құрметтемеушілік болғандықтан, Дания мен даттық мүдделерге де зиян келтіреді. Біз бірнеше адамның зорлық-зомбылық көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанына бей-жай қарай алмаймыз», - деді министр.
Заң жобасы депутаттарға қыркүйектің 1-інде жетеді, онда оны «қажет болса, парламенттік жыл соңына дейін», яғни Рождество мерекесіне дейін қарау жоспарлануда.
Дегенмен, үкімет бұл заң жобасының ауызша немесе жазбаша мәлімдемелерге, оның ішінде суреттерге қолданылмайтынын түсіндірді.
Айта кетейік, Данияда мұсылман елдерінің түрлі елшіліктері алдында Құран өртеу қазірдің өзінде аса тұрақтылықпен жүргізіле бастады. Мұсылман елдері Дания билігін қасиетті кітапты келемеждеуге лайықты жауап беруге бірнеше рет шақырған. Бірақ ел полициясы ультра белсенділерге тыйым салған жоқ, керісінше митинг өткізуге рұқсат берді. Нәтижесінде шілде айының соңында Ирактағы жүздеген демонстранттар Бағдадтағы Дания елшілігіне шеруге шықты.
Айтпақшы, бұған дейін Данияда дінді қорлағаны үшін жазаны қарастыратын күпірлікке қатысты бап бар еді, бірақ алты жыл бұрын ол жойылған болатын. Жаңа заң айыппұл немесе тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратын болады.
Жаңалықтар
- Иран жаңа Жоғарғы көшбасшы сайлау туралы мәлімдеме жасады
- Иран Әли Хаменеидің отбасы мүшелерінің қаза тапқанын растады
- Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 85 адамға жетті, 92 адам жарақат алған
- Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
- Иран Жоғарғы көшбасшысының қаза тапқанын растады
- Тоқаев конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы әлемнің абсолютті чемпионы атануымен құттықтады
- Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты
- 1 наурызда Астанада мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
- БАҚ: Иранның жоғары лидері Әли Хаменеи өлтірілді
- Тегеранда Хаменеидің келіні мен күйеу баласы мерт болды: Қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Странджа кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға өтті
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады