Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді азаматтар жаппай қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, мұны Құрылтай сайлауы айқын көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, сайлауға азаматтардың 74 пайыздан астамы қатысып, дауыс берген. Оның пікірінше, халық ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдау жасаған.
«Жұртымыз бұл іске зор жауапкершілікпен қарап, қоғамымыздың ауызбіршілігін паш етті. Осылайша, ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағидаты нақты жүзеге асты», – деді Тоқаев.
Президент Құрылтай сайлауына шетелдік бақылаушылардың да қызығушылығы жоғары болғанын атап өтті. Қазақстанға беделді халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ге жуық байқаушы келген. Бұл ұлттық парламентаризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екенін айтты.
Тоқаевтың сөзінше, сайлау ашық әрі әділ өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
«Бүгінде азаматтарымыз саясатқа оң көзбен қарап, қоғамдық істерге белсене араласатын болды. Бұл – жақсы үрдіс», – деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қоғамның депутаттарға қоятын талабы әрдайым жоғары болатынын атап өтті.
«Қазіргі заман құр уәденің, жалған сөз бен жалаң ұранның уақыты емес. Біздің қоғам кемелдене бастады», – деді ол.
Президент ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқанын айтты. Оның пікірінше, Құрылтайға білікті мамандардың келуі – соның айқын дәлелі.
«Әрине, бәсекенің аты – бәсеке. Біреу ұтады, біреу ұтылады. Алайда елімізде өз пікірін білдіруге, өз көзқарасын айтуға неше түрлі тетік бар. Заңымызға сай келетін түрлі мардымды пікірлер, ұсыныстар неғұрлым көп айтылса, елімізге де соғұрлым тиімді болады, нақты пайдасы тиеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
- Құрылтай депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды
- Президент: Жасанды интелектке қатысты тапсырма тиісті деңгейде орындалмады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық