Абай облысындағы жол апатынан ТЖД қызметкерлері қаза тапты
Бейнеден кадр
Абай облысында көліктердің бетпе-бет соғылуы салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы жол апаты Семей – Курчатов тасжолында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандардың арасында ведомство қызметкерлері де бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті төрт адамның өмірін қиған жол апатына қатысты түсініктеме берді. Қаза болғандардың екеуі департамент қызметкерлері екені анықталды.
«2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:30 шамасында департаментке жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың екеуі – Абай облысы ТЖД қызметкерлері. Ведомствоның жеке құрамы мен басшылығы қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Бұл ауыр қайғы әрі орны толмас қаза», деп хабарлады облыстық ТЖД.
Ведомство қаза болған қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын және бұл жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне нақты баға беріледі.
Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі көлік бір-біріне қарсы келген. Жол апаты Семей – Курчатов тасжолының 35-шақырымында болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық