Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт тарихын жазуда бұрмаланған және күмәнді деректерге жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы тарихтағы қайғылы кезеңдерді ұмытпау қажет екенін, алайда оларды ұлттық болмыстың негізгі өзегіне айналдыруға болмайтынын атап өтті.
«Ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды. Мұндай әрекет өткен күнге деген сенімді, келешекке деген үмітті әлсіретеді», – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстанның төл тарихы мен әдебиетін тек нәубет пен азапқа толы жылдардың шежіресі ретінде қарастыруға болмайды.
«Біздің төл тарихымыз бен әдебиетіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа толы жылдардың жылнамасы емес. Әрине, біз өз тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдерді ешқашан ұмытпаймыз. Алайда халқымыздың басынан өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды», – деді ол.
Тоқаев ұлт тарихында жеңілістермен қатар, жарқын жеңістер мен жетістіктер де аз болмағанын айтты.
«Ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл шежіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ», – деді президент.
Мемлекет басшысы әлем және басқа халықтардың тарихымен қатар Қазақстан тарихына да үстірт әрі біржақты қарауға болмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, тарих өкпе-ренішке емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқарасқа негізделіп жазылуы керек. Бұл әсіресе өскелең ұрпақ үшін маңызды.
«Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс. Бұл – ең алдымен өскелең ұрпақ үшін қажет дүние», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық