Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев
Фото: Бейнежазбадан кадр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі қазіргі ахуалға алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі оқиғалар жүйесіз әрі бейберекет сипат алып, алдағы жағдайды болжау қиындаған.
«Әлемдегі оқиғалар тасыған селдей жүйесіз, бейберекет сипатқа ие, алдымызда не боларын болжаудың өзі қиын. Бұл катаклизмдерден елдер мен халықтардың ешбірі тыс қалған жоқ», – деді Тоқаев.
Президент мемлекеттер, әсіресе ірі елдер арасындағы өзара сенімге сызат түскенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл БҰҰ мен оның институттарының жұмысына кері әсерін тигізіп отыр.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жаһандағы және аймақтардағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын атқара алмай отыр», – деді ол.
Тоқаевтың пікірінше, қалыптасқан жағдайда өңірлік халықаралық ұйымдардың рөлі айтарлықтай артып келеді. Сонымен қатар әлемдік аренада «Орта державалар» деп аталатын мемлекеттер бой көрсете бастағанын айтты. Президент Қазақстан да осы санатқа кіретінін атап өтті. Мемлекет басшысы тұрақсыз әлем жағдайында жаңа үдерістің де белең алғанына назар аударды. Оның сөзінше, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатыр.
«Бұл үдерістің түптің түбінде қайда апарып соғары беймәлім, тіпті қазіргі нәтижелердің өзі екіұдай пікір тудырады. Кейде мұны осы технологияны ойлап табатындар да түсіне бермейді», – деді президент.
Тоқаев жақын болашақта ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары алмастыруы мүмкін деген болжам айтылғанын жеткізді.
«Мәселен, таяу келешекте ядролық қарудың орнын жасанды интеллект құралдары алмастыруы мүмкін деген болжам айтылды. Мұның бәрі әлемнің дамуы заңдылық пен қисыннан ада екенін көрсетеді. Ал оның зардабын келешек ұрпақ тартады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық