Непалдағы тасқыннан екі қазақстандық жоғалды: Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Непалдағы жойқын тасқыннан кейін із-түзсіз жоғалғандар тізіміне Қазақстанның екі азаматы енгізілді. Бұл туралы Непалдың Туризм кеңесі мен елдің билігі жариялаған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Непалдың Туризм кеңесі 27 тамыздағы жағдай бойынша тасқын болған аудандарда 644 саяхатшының хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған. Оның ішінде 517-сі – шетел азаматтары, 127-сі – Непал азаматтары. Алайда бұл мәліметтер алдын ала сипатта және іздеу-құтқару жұмыстары барысында өзгеруі мүмкін.
Непал билігінің шетел азаматтарына қатысты жаңартылған тізімінде Қазақстанның екі азаматы жоғалғандар қатарында көрсетілген. Құжатта олардың екеуі де әзірге табылмағаны жазылған.
Шетел азаматтары арасында ең көп жоғалған адам үндістандықтар. Непалдың ресми тізімінде олардың саны 178 адам деп көрсетілген. Бұдан кейін АҚШ – 68, Украина – 53, Малайзия – 51, Аустралия – 35, Ұлыбритания – 33 және Канада – 25 азамат.
Сонымен қатар тізімде Ресейдің 8, Сингапурдың 9, Германияның 8, Оңтүстік Африканың 6, Латвияның 6, Жапонияның 5, Жаңа Зеландияның 5, Францияның 4, Испанияның 3 және басқа да бірқатар елдердің азаматтары бар. Кейбір шетелдіктердің табылғаны да хабарланған. Мысалы, Үндістанның 178 азаматының 11-і, Оңтүстік Кореяның сегіз азаматының төртеуі және Ресейдің сегіз азаматының екеуі табылған.
Апат 26 тамызда Непалдың Бхоте-Коси және Тришули өзендері бойындағы аудандарда болған. Тасқын Рашува, Нувакот, Дхадинг және Горкха аймақтарына әсер етті. Алдын ала мәлімет бойынша, таудағы мұздық пен тау жыныстарының опырылуы су, лай және тастардың өзен аңғарына қарай жаппай ағуына себеп болған.
Тасқын салдарынан жолдар, көпірлер, үйлер және басқа да инфрақұрылым нысандары қираған. Апаттың ауқымы өте үлкен болғандықтан, құтқару жұмыстарына Непал армиясы мен полициясы, сондай-ақ тікұшақтар жұмылдырылды.
Непалдың Туризм кеңесі жоғалған туристердің нақты санын анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын атап өтті. Мәліметтер туристік компаниялардан, гидтерден, жергілікті билік пен қауіпсіздік қызметтерінен жиналып, қайта тексеріліп жатыр. Сондықтан жоғалғандар саны бұдан әрі өзгеруі мүмкін.
Қазақстан азаматтарының жағдайына қатысты ақпарат әзірге бірізді емес. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал–Қытай шекарасындағы тасқыннан зардап шеккен немесе хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын. Ал Непал билігінің 27 тамыздағы жаңартылған тізімінде Қазақстаннан екі адам жоғалғандар қатарына енгізілді.
Сондықтан аталған екі азаматтың нақты кім екені және олардың қазіргі жағдайы туралы ресми қазақстандық мәліметті күткен жөн. Непал тарапындағы «жоғалғандар» тізімі адамның қаза болғанын білдірмейді – бұл қазіргі уақытта байланысқа шықпаған немесе орналасқан жері анықталмаған адамдардың алдын ала тізімі.
Құтқару және іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Непал билігі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау жұмыстарын күшейткен
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық