Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Құрылтай алдында тұрған негізгі міндеттерді атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің заңнамасына жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, тиісті түзетулер енгізу қажет.
«БІРІНШІ. Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет. Жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі билік институттарының қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдады.
Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, олардың Конституция қағидаттарына сай болуын қарауы керек», деді Тоқаев.
Президент Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.
«ЕКІНШІ. Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі керек.
Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын, нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп отырды.
Бұл жұмысты жандандыру қажет», деді мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары алғашқы сессияда бірқатар маңызды заңды қабылдауы қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні орта білімге енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту және Digital Qazaqstan стратегиясына қатысты жарлықтар шығарғанын атап өтті. Енді осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын Үкімет әзірлеп, Құрылтайға ұсынуы тиіс.
«ҮШІНШІ Мен осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясы туралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады», – деді Тоқаев.
Президент Қазақстанға жоғары білікті мамандарды, заманауи технологиялар мен шетел капиталын тарту үшін «Алтын визаны» енгізудің маңызы зор екенін айтты.
«Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін «Алтын визаны» енгізудің маңызы зор», – деді ол.
Сонымен қатар мемлекет басшысы көші-қон саясатын жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық