Дәрігерлер Тоқаевтан Елжан Біртановқа араша сұрады
Қазақстандық дәрігерлер Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іске назар аударуды сұрап президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook парақшасында Қазақстандық медицина қызметкерлерінің ел Президентіне үндеуін жариялады. Олар экс-министр мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша бейтарап әрі әділ шешім шығаруға көмектесуді сұрайды.
«Екі жылдан бері еліміздің барлық дәрігерлері, жұртшылық осынау атышулы істің барысын жіті бақылап отыр. Өкінішке қарай, азаматтардың басым көпшілігі, ең алдымен, медициналық қауымдастық арасында бұл сот шешіміне қатты ренжу мен келіспеушілік туындады» делінген хат мәтінінде.
Медицина қызметкерлері өткен сотта айыптаушы тарап айыпталушылардың кінәсін дәлелдей алмады деп есептейді.
Еске салсақ, судья Ибрагим Әлкенов санитарлық авиация эпизоды бойынша Біртановты толық ақтап, оны және Әбішевті медициналық платформа эпизоды бойынша кінәлі деп тапты. Бұрынғы шенеуніктер: Біртанов – бес жылға, Әбішев – 361-бап «Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасын арқалады.
Осыған сүйене отырып, сот қаржы мониторинг агенттігі әзірлеушісі хорватиялық Ericsson Nicola Tesla компаниясы болған IT-платформаның жұмысына тосқауыл қойғанын анықтады. Осыған қарамастан, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин мен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният платформаның жұмыс істейтінін, оның құрамдас бөліктері Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында да, қарапайым дәрігерлерде де қолданылатынын ашық айтты.
«Бұл іс елімізге орны толмас зиян келтірді. Көптеген адамдар, мамандар жауапты қызметтерге, жалпы мемлекеттік қызметке бармауды ұйғарды, өйткені бұл қауіпті» дейді дәрігерлер өз үндеуінде.
Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев аппеляциялық шағым түсірді.
Апелляциялық соттың шешімін күткен медицина қызметкерлері президентке «Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша олардың кінәсін немесе кінәсіздігін сенімді әрі сөзсіз растайтын дәлелдерге сүйене отырып, бейтарап және әділ шешім шығаруға жәрдемдесу үшін» шағымдануда.
Петицияға «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пя, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, Профилактикалық академиясының президенті Алмаз Шарман сынды еліміздің танымал дәрігерлері қол қойды.
Біртанов пен Әбішевке қандай айып тағылды?
Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке ақпараттандыру платформасының жұмыс істемейтінін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуін жасырды деген айып тағылды. Айыптаушы тараптың айтуынша, қазір құруға мемлекет 17,8 млн доллар жұмсаған платформа жұмыс істемейді, оның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциясы жүзеге асырылмаған. Үкім жарияланғаннан кейін ҚР ЦДИАӨМ және Денсаулық сақтау министрлігі басшылары платформаның құрамдас бөліктері қолданылып жатқанын ашық айтты.
Сонымен қатар, олар Біртановты 2020 жылдың жазында пандемияның шарықтау шегінде санитарлық авиацияны пайдалану кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптауға тырысты. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, экс-министр Тараздан Астанаға COVID-19 деген күдікпен жеткізілген кезде ұшақты жеке мақсатта пайдаланған. Сот Біртановты санитарлық авиация эпизоды бойынша ақтады.
Экс-министрдің өзі оған тағылған айыптар «шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының бақылауымен» шетелге дәрі-дәрмек экспорттайтын фармацевтикалық компаниялардың есірткіні жылыстату схемасына қатысты деп санайды.
Елжан Біртановтың айтуынша, 2018 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау министрлігі емделушілерге тегін тарату үшін дәрі-дәрмек сатып алғаннан кейін есептен шығарылған 4 млрд теңгелік дәрі-дәрмектің шыққанын анықтады.
Жаңалықтар
- «Кінәлі болғанымды мақтан көрем!»: Ресейде Павел Дуровқа шақыру қағазы келді
- Астанадағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды
- Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды