Бұрынғы еңбек министрінің ағасы 10 жылға сотталды

Бұрынғы еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бүгін Тараз қаласының №2 соты Т. Нұрымбетов, Н. Романова, А. Утеулина, Г.Сарымсақов, Қ. Мұстафаға қатысты қылмыстық істі қарады.
Нұрымбетов жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болған. Сол кезде ол 44 млн көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, Тимуржан қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлектке 54 млн шығын келтірген.
Бөлімнің бұрынғы қызметкерлері Н. Романов пен А. Утеулина пара беруде делдалдық жасады деген күдікке ілінді.
Сарымсақов пен Мұстафа ірі көлемде пара алды деп айыпталды.
Прокурор Нұрымбетовты 12 жылға, Романованы 8 жылға, Сарымсақовты 9 жылға, Утелинаны 7 жылға, Мұстафаны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Тараз қаласының №2 соты төмендегідей үкім шығарды:
- Т. Нұрымбетов 10 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектелді. Ол өзінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмағаны үшін ақшаны заңдастырудан босатылды.
- Н.Романова мен Г.Сарымсақов 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқара алмайды. Олардың қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алған мүлкі тәркіленді.
- Утеулина 5 жылға, Мұстафа 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқара алмайды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
- ҰҚК Антикор бойынша түсініктеме берді
- «Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
- Әзірбайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
- Өз-өзіне қол жұмсады: Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды 11-сынып оқушысы зорлады
- Көші-қон саясаты: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Омбы арасында жолаушылар тасымалдануы мүмкін
- «Иттерім қымбат»: Баланы төбеттерден қорғаған адамнан иттердің иесі өтемақы талап етті
- Кенені өртемек болған Түркия тұрғыны 12 гектар орманды жойып жіберді
- Ресей мен Әзірбайжан айқасы: Екі елде қарсы тарап азаматтары ұсталды
- AZAL ұшағын жоюға бұйрық берген Ресей капитанының түсіндірме қағазы пайда болды
- Еститін үкіметке: Аралтұздағы жұмыссыздық және қарапайым жұмысшының көрген теперіші
- Несиеге батып, бүйрек сатқан қазақ жанұясы: Адам ағзасын саудалаған қылмыстық топқа ерлі-зайыптылар қалай кірді?
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты