Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде ән шығарды

cover

Белгілі ресейлік әзілкеш, ТНТ телеарнасындағы бірнеше бағдарламалардың жүргізушісі Азамат Мұсағалиев өз орындауындағы қазақ тіліндегі әнді жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Музыкалық шығарма «Сен» деп аталады. Азамат Мұсағалиев ән бойынша ешқандай қосымша түсінік берген жоқ.

Оқырмандар ән мен қазақ тілінің сұлулығына таң қалды. Кейбіреулер сөздердің мағынасын түсінбесе де, әсер қалдырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат Мұсағалиев өзінің Instagram парақшасында қазақ тілінде ән жариялаған болатын.

«Бұл, әрине, «Дос-Мұқасан» немесе Ерке Есмахан емес. Бұл мен – Азамат, – деп 2021 жылдың шілдесінде жарияланған.

  • Азамат Мұсағалиев – этникалық қазақ, актер, әзілкеш және тележүргізуші. «Камызяк өлкесінің құрамасы» КВН командасының капитаны, тележүргізуші, «Однажды в Россий» бағдарламасының қатысушысы, «Где логика?» ТНТ телеарнасында жүргізушісі, «Интерны» сериалына түскен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар