Қазақстанның батысында мұнай-химия зауытына орын табылмады

Әзірлеушілердің қателігінен химия зауытының жобасы бір аймақтан екінші аймаққа ауыстырылды. Бұнымен мәселе шешілмейді, оған қоса басқа мұнай-химия жобасына да кесірін тигізеді.
Orda.kz осыдан бір жарым жыл бұрын, 2019 жылғы 19 қарашада, Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Премьер-министр Асқар Маминнің Ақтау портының еркін экономикалық аймағындағы (ЕЭА) жаңа зауыт құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысқандығын анықтады. Бұл сингапурлық «Westgasoil» компаниясының метанол мен олефин өндіру жөніндегі жобасы болатын.

Рәсімге ҚР премьер-министрімен бірге Нұрәлі Әлиев те қатысты. Бұл бақылаушыларға Тұңғыш Президенттің немересі сингапурлық компанияға тікелей қатысы бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Жоба бойынша инвестиция көлемі 1 млрд 800 млн АҚШ долларын құрайды. Зауыттың қуаттылығы – жылына 300 мың тонна метанол және 600 мың тонна олефин өндіруге жетеді.
Құрылыс кезеңінде төрт мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған болатын. 2023 жылы пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорында 650 адам жұмыспен қамтылуы керек еді. Аталған ашылу рәсіміне бір жарым жыл өтсе де, құрылыс басталатын емес.

Осыдан бір ай бұрын, 5 наурызда ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясын дамытудың ұлттық жобасын әзірлеуге арналған алқа отырысында жоспарланған бес жаңа химия зауытының: үшеуі — Атырауда, біреуі — Шымкентте, біреуі — Оралда екені еске алынды. Зауыттардың жалпы құны— 3 млрд 900 млн доллар. Дегенмен аталған зауыт ішінде олефиндер мен метанол өңдірісі жоқ.
Ол туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев та айтқан жоқ.
Олефин зауыты қайда кетті? Тағы 1 миллиард 800 миллион доллардың жобасы сұраныссыз қалды ма? «ҚМГ» ҰК, Энергетика министрлігі және «Самұрық-Қазына»-дағы түрлі дереккөздерден ақпарат жинап, жоба төңірегіндегі оқиғалардың астарын және екі млрд долларға жуық инвестицияны анықтауға мүмкіндік пайда болды.
А нүктесінен Б нүктесіне
Ақтау теңіз портының ЕЭА-да олефиндер мен метанол өндіру жөніндегі зауыттың жобасы Ақтау портында газ құбыры тармағының болуына негізделген. Олефиндер мен метанол өндіруге арналған шикізат табиғи газ болып табылады. Бірақ қандай да бір белгісіз себептермен жобаны жасаушылар ескі газ құбырын тексермеген.
Салтанатты рәсімнен кейін ғана WestGasOil компаниясының басшыларына порттағы газ құбырының шынайы жағдайы туралы ақпарат жеткізілді. Бұл тармақтың ескіріп, әбден тозығы жеткендігі белгілі болды. Ендігі жерде бұны шешудің жалғыз жолы — бәрін бұзып, қайта құру. Өйткені, жаңа химиялық зауыттың жұмысы үшін қажетті көлемде газ тасымалдауды ескі зауыт қамтамасыз ете алмайды.

Сондықтан да шұғыл түрде құрылысты Ақтау ЕЭА-дан Атырау ЕЭА-ға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қарабатандағы Атырау ЕЭА Қазақстанда химия зауыттарының каскадын салуға арналған. Бірақ бұл жерде де проблема бар: газдың еркін көлемі жоқ. «Теңізшевройл» компаниясы жеңілдетілген шарттар негізінде полипропилен, полиэтилен және бутадиен шығаратын үш зауытқа газ таратып үлгерді.
Қызық осы тұста басталды. Жобаны әзірлеушілер олефин мен метанол өндіретін химиялық зауытқа полиэтилен шығаратын зауытқа арналған газ көлемін бере отырып, осы зауыттың құрылысы бойынша Қазақстанның серіктесі Borealis австриялық компаниясы қазақстандық тараптың алдын ала шарттарды орындамауына байланысты жобаға қатысудан бас тартқанын пайдаланып, проблеманы жоюды шешті. Қазір жаңа серіктестерді іздестірумен қатар Шеврон компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.
Бірақ неге кейбір жоғары инстанциялар олефин зауытына полиэтилен шығару жобасының есебінен газ квотасын бөлуді мақұлдады, ал басқалары жауапкершілікті өз мойнына алудан неге үзілді-кесілді бас тартты деп ойлайсыз? Елестетіп көріңізші, ҚР Энергетика министрлігінің жұмыс делегациясы әлеуетті серіктеспен келіссөздер үстеліне отырады. Мысалы, Шеврон.
Кездесуге серіктес шақырылды, бір шарт ұсынылды, ал келіссөз барысында ұсыныстар күрт өзгерді және зауыт бұрын кепілдендірілген жеңілдетілген газ көлемінсіз қалды. Ал әлеуетті серіктеске бұндай әрекеттің ұнамауы заңды. Сонымен, жобаны бұзу қаупі арта түспек.
Әдетте, олефин мен метанол зауыты сияқты үлкен жобаларды жүзеге асырудағы проблемалар қаржыландырудың жоқтығынан туындап жатады.
Бірақ бұл жерде ақшаның жоқтығына ешкім шағымданбайды. Бірақ шикізатты жеткізу мәселесін ешкім шеше алмады. Нәтижесінде олефин мен метанол өндіретін зауыт құрылысы тоқтап қалды.
Авторы: Оксана Мартынюк, Атырау
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель ұсталды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
- «Лас жүйеге мойынсұнбаймыз»: Түркияда үш қаланың әкімі ұсталды
- Астанадағы LRT: Мәжіліс депутаттары жаңа пойыздарды сынап көрді
- Режиссер Сламбек Тәуекел дүниеден озды
- Сағындық Тоғамбай Астанадағы Әлем кубогының қола жүлдегері атанды
- Алаяқтардың айласы: Ардагер журналист Кәкен Қамзин үйінен айырылып қалуы мүмкін
- Трамп салық және шығындар туралы заң жобасына қол қойды
- Павлодарда таң атпай алапат өрт шықты
- Атырау облысында тағы да бір ұшқышсыз ұшатын құрылғы құлады
- Ұлт рухының айнасы: Қазақстан академиялық тарихының алғашқы томы қаралды
- «Назарбаев болғым келеді»: Елбасының әулетіне қосылып табысты кәсіпкерге айналған академик Есполовтың немересі
- Алматыда алып қазақ қызының ақша басы орнатылды: Мүсіннің маңызы және жұмсалған қаражат жайлы
- Жалғызбасты мүгедек анасын асырап жүрген сарбазды әскерге күштеп әкетіп, жындыханаға жатқызды
- Ақтөбеде қарызға батып бүйрегін сатпақ болған азамат сот залынан босатылды
- «Емделуге кеткен әкем табытпен оралды»: Қызы президенттік аурухана дәрігерін немқұрайдылық танытты деп айыптайды
- Батыс Қазақстанда киік ату басталды
- Қайрат Қожамжаровтың тобы: Антикордың экс-басшысы ұсталды
- Іс сотқа өтті: Қасақана өлтіріп, Жайыққа тастаған бойжеткеннің мүрдесі табылмады
- «Өлтіріп жатыр» деп айқайладым: Әншінің жұбайы күйеуі ұрып-соққанын айтты