Қазақстан латын қарпіне қашан көшетіні белгілі болды
5 қыркүйек Қазақстан үшін атаулы мерекелердің бірі – Тілдер күні.
Orda.kz редакциясы мереке қарсаңында көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап іздеді. Неге мереке күні өзгертілген? Латын қаріпіне көшу үрдісі қалай жүріп жатыр? Қазақстан жаңа бастамаға дайын ба? Осы және өзге де сұрақтарға жауапты төмендегі мақаладан оқи аласыз.
22 қыркүйектен 5 қыркүйекке

2017 жылы сол кездегі ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 29 жыл 22 қыркүйекте тойланып келген «Тілдер мерекесін» 5 қыркүйекке ауыстырды.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақ КСР-де «Тіл туралы» заң қабылданды. Заң бойынша, мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп бекітілді. Осылайша, 1998 жылы 20 қаңтарда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «22 қыркүйек - Тілдер мерекесі» болып жарияланды.
2017 жылы Тілдер мерекесі қазақ әліпбиінің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне, 5 қыркүйекке ауыстырылған.
2017 жылы Тілдер мерекесінің күні ғана өзгермей, ҚР сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев кирилл жазбасын латынға өзгерту бастамасын көтерілді.
Жыл соңына дейін латын әліпбиі нұсқасын қабылдап, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен мектеп оқулықтарын дайындауға кірісуіміз керек.
2017 жыл сәуір, Нұрсұлтан Назарбаев
Оның тапсырмасы бойынша, 2025 жылға дейін іс-қағаздар, мерзімді баспасөз және оқулықтар латын қарпіне толық ауысуы керек еді.
Алғашқыда латынға көшу үш кезеңнен тұруға тиіс болған:
- 2018-2021 жыл – І кезең. Елде нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) жетілдіру, жаңа алфавит бойынша емле ережелерін және латын әліпбиіне мәтінді түрлендіргішке арналған ақпараттық технологиялар қосымшаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуге ниетттенген.
- 2021-2023 жыл – ІІ кезең. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қабылдаған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді латын графикасына көшіру, төлқұжаттар, анықтамалар мен басқа да құжаттарды беру жоспарланған.
- 2023-2025 жыл – ІІІ кезең. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ білім беру ұйымдарының іс қағаздарын латын әліпбиіне көшіру басталу керек болған.
Ең қызығы, 2019 жылы шілдеде Қазақстанның латын қарпіне көшуі 2030-2035 жылға, яғни, 10 жылға кейін шегеріледі деген ақпарат пайда болды. Бірақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
4 жылда бірыңғай шешім қабылданбады
Бірақ 2021 жылы Қазақстан латынға көшудің 2-ші кезеңіне өте алмады. Себебі, бірыңғай әліппе жасалмады.
Осылайша, 2021 жылы қаңтарда Үкімет латынға көшу кезеңдерін 2023-2031 жылға шегерді.
Латын қарпінің неше нұсқасы бар?
Қазіргі таңда латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы бар.
Диграф нұсқасы – 2017 жылы ұсынылды. Онда 26 әріп болды.

Апостраф нұсқасы – 2017 жылы ұсынылды.

Акут нұсқасы – 2018 жылы ұсынылды.

Соңғы нұсқа – 2021 жылы ұсынылды. Онда 31 әріп бар.

Бірақ әлі күнге дейін латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы қабылданбады.
Еске салсақ, латын графикасы енгізілсе де, кирилл қарпі қолданыла береді. Латынға тек қазақ мектептері мен мемлекеттік тілдегі іс-қағаздар көшеді. Қалған тілдер өз әліпбилерін ары қарай қолдана береді.
Неге Қазақстан латынға көшеді?
Билік оны заманауи технологияға ілесу деп түсіндірсе, саясаттанушылар оны Ресей ықпалынан шығу дейді. Ал лингвистердің айтуынша, қазақ тілінің табиғи дыбыстарын қалпына келтіру керек.
Жаңа бастаманың қабылданғанына 4 жыл өтсе де, қоғам пікірі әлі де екіге бөлінген. Бірі оны қолдаса, екіншісі бастамаға бөлінген қыруар қаржыны ақсап тұрған салаға жұмсаған жөн дейді.
Шынымен де, латынға көшуге аз ақша бөлінбеген.
Үкіметтің 7 жылдық үш кезеңнен тұратын латын әліпбиіне көшу бюджеті шамамен 218 млрд теңгеге (664 млн доллар) бағаланған.
Айта кетсек, латын әліпбиі қазақ тілі үшін жаңалық емес. 1929 жылы 7 тамызда орталық атқарушы комитет пен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдаған. Құжатта қазақ тіліне латын графикасы бар әліпби бекітілген. Әліпби 1940 жылға дейін қолданыста болған.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық