Атырау МӨЗ-де өрт шықты

cover Фото: Ақ жайық

Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) төтенше жағдай болып, кейін өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрттің фотосы мен видеолары таралып жатыр.

UPD. Кәсіпорындағы жағдайға қатысты «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«Сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының  тұндырғышында өрт шықты. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. Тұндырғыштың ішінде жиналған мұнай қалдығы өртеніп жатыр. Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда», деп хабарлады АМӨЗ.

ТЖМ мәліметінше, 25 тамызда сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді.

Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, тартылған барлық күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру ұйымдастырылды. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Жағдай бақылауда.

Оқи отырыңыз: 

ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді

Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар