150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
Фото: Әлеуметтік желіден
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемдену мақсатында фишинг хабарламаларын жаппай таратқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, биыл қаңтар айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әрекет ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға тартқан.
Кейін қылмыстық схемаға Астана қаласында жабдық жұмысын қамтамасыз еткен басқа да адамдар қосылған.
Күдіктілер SMS-бластер қолданған. Бұл ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өту арқылы хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Нәтижесінде төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныстар жазылған шамамен 150 мың фишинг SMS-хабарлама жіберілген. Сілтемеге өткен қолданушылар жалған сайтқа бағытталып, онда олардан жеке және банк деректерін, оның ішінде төлем картасы деректемелерін, CVV-кодты және SMS арқылы келетін растау кодын енгізу сұралған.
Осылайша күдіктілер азаматтардың құпия ақпараты мен банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген.
Тергеу барысында тәркіленген SMS-бластер жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық