Атырау ауруханасында сәби көз жұмды

cover

Атыраудағы №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекциядан бір жасар бала көз жұмды.

Бала ЖРВИ, жедел бронхит диагнозымен 9-15 желтоқсан аралығында стационарда емделген. Денсаулығы жақсарып, үйге шығарылды. Бірақ екі күннен кейін ата-анасы жеке емханаға барды. 21 желтоқсанда нәрестенің жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелмен қайтадан ауруханаға түсті.

№2 Атырау облыстық ауруханасы әкімшілігі балаға клиникалық хаттама бойынша ем қабылданғанын хабарлады. 23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекцияға және пневмония түріндегі асқынуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Барлық реанимациялық шараларға қарамастан бала қайтыс болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар