Ғасыр үні – Қазақ радиосына 100 жыл
Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазақ радиосы 1921 жылы 1 қазанда тұңғыш хабар таратты. Ол Орынбор қаласынан әуе толқынына шықты.
Ең алғаш қазаққа радио қажет деп бастама көтерген алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ағартушының бұл бастамасы ғұмырлы болып, қазіргі таңда ұлттық жобаға – қазақтың үнжариясына айналды.
Қазақ радиосы еліміздегі ежелгі ақпарат құралдарының бірі ретінде өзіне жүктелген міндетті, оның ішінде қоғамды ақпараттандыру және ағартушылық қызметін толықтай орындап келеді. 1921 жылдан бері хабар таратқан Қазақ радиосы бүгінде толыққанды жетілген, техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған.
Қазіргі уақытта «Қазақ радиосы» радиоарнасының қатары «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиосымен толыққан. Осы төрт радио әр қайсысы өзіне жүктелген бағыт бойынш күнделікті тыңдармандарына қалтқысыз қызмет етуде.
– Біздің аудиториямыздың ауқымы өте кең. Ел аумағының 90 пайызына жуығына және іргелес жатқан елдерге дейін ақпарат таратамыз. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арнайы жол картасын қабылдап, радионың сигнал тарату ауқымын одан сайын арттыру көзделуде, - дейді Қазақ радиосының бас редакторы Дулат Абибуллаев.
Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбордан алғашқы хабарын таратқан қазақ радиосы одан кейінгі ел астанасы болған Қызылордаға ауысып, көп ұзамай Алматы қаласына қоныстанған. Алматы қаласында ұзақ жыл қызмет көрсеткен радио 2012 жылы Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді.
– Осыдан 100 жыл бұрын анау Орынборда қазан айының алғашқы күндері Ахмет Байтұрсынов қазақ радиосын қаһармандықпен өмірге әкелуіне үлес қосқан екен. Сонан бері бұл радио кәдімгі тұрмысымызға еніп, жан серігімізге айналды, - дейді ақын, журналист Жүрсін Ерман.
Осы іші сыр мен жырға толы қарашаңырақта әр жылдары Әміре Қашаубаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әнуарбек Байжанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Мұқағали Мақатаев, Ермек Серкебаев сынды біртуар тұлғаларымыз радиода қызмет етті.
Ғасыр бойы жинақталған радионың «Алтын қорында» еліміздің танымал таланттарының дауыстары мұқият сақталған. Олардың қатарындағы Абайдың қара сөздері, академик жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», «Халық қаһарманы», жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбектерімен қоса, кейінгі күндері жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала Ұлағаттары», «Ой бөлістім халқыммен», «Жылдар мен ойлар», «Қазақстан жолы», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой», Елбасы жайындағы «Он делает историю» кітаптарының аудионұсқасы радио эфирінен беріліп отырады.
Қазақ радиосының «Алтын қорында» халқына кеңінен танымал Шәмші Қалдаяқов, Әбілахат Есбаев, Әсет Бейсеуов, Ілия Жаханов сияқты композиторлардың шығармашылығы мен радиода әр жылдары еңбек еткен өзге де тұлғалардың жазылған дауыстары бар. Қазақ жастарын елдікке, ерлікке және Отанды сүюге үндейтін алтын дауыстар өскелең ұрпаққа өнеге ретінде радио эфирінен жиі ұсынылып тұрады.
Авторы: Амиржан Мухаммед
Жаңалықтар
- Үкімет Қашағанның 10,7 млрд долларлық келісімшарты бойынша жемқорлық болғанын мәлімдеді
- Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді
- ДСМ балаларға стоматологиялық көмек қолжетімділігін шынайы қамтамасыз етуді тапсырды
- 17 жыл бойы Еуропада қашып жүрген «Кинг-Конг» лақап аты бар қылмыскер сотталды
- Канье Уэсттің Алматыдағы концертінде қазақ тілі неге ескерілмеді?
- WBO Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясын тоқтатты, ол енді титулға үміткер
- Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар
- Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
- Түркістан облысындағы жанармай бекетінде бензин таситын 10 тонналық көлік өртенді
- Дастан Сәтбаев жаңа маусымда «Бернли» сапында ойнайды
- Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
- Канье Уэсттің концерті 15 тамызға ауыстырылды
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды