Астананың үш тұрғынын аман алып қалған өрт сөндірушіге шұғыл қан керек
Астанадағы Момышұлы даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінде қатты өрт шыққан кезде өрт сөндіруші Асқар Забикулин тұрғындарға көмектесті. Өз өмірін қатерге тіккен ер адам қатты күйік алып, ауыр халде жатыр.
Забикулин пәтерге терезе арқылы кіру үшін 12-11-қабаттан құтқару арқанымен төмен түсіп кеткен. Ол жауынгерлік құралдарын шешіп, камуфляжбен жанып жатқан бөлмелерді аралап жүріп 80 жастағы әжей мен оның 22 жастағы немересін тауып алып, оларды өрттен аман алып шықты. Одан кейін көрші пәтерге жүгіріп кіріп, балконға тығылып, қатты түтіннен шыға алмай қалған 10 жасар баланы құтқарып қалған.
Ер адам қатты күйік шалып, қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Өрт сөндірушіге бет, іші мен арқасының жоғарғы және төменгі жақтарының 2-3 дәрежелі күйігі диагнозы қойылды. Зақымдану дәрежесі 80% құрайды. Оны жедел желдеткішке қосты.
Қазір Забикулинге донорлық қан қажет.
Оқиға 16 қарашада болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалып, барлығы он адамды қауіпсіз жерге көшірді. Үш зардап шеккен, оның ішінде бір бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің тағы бір қызметкері зардап шеккені хабарланды. Бұл 10-шы өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр.
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды