Тағы да жеке клиника: Астанада запастағы полковниктің ота алдында жүрегі тоқтап қалды
Фото: Orda.kz
Астанада запастағы полковник жоспарлы операцияға дайындық барысында қайтыс болды. 51 жастағы ер адамның жүрегі медициналық препарат енгізілгеннен кейін бірден тоқтап, есін жимастан қалалық ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмның қызы бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде мәлімдеп, әділ тергеу жүргізуді талап етті.
Оқиға туралы қайтыс болған ер адамның қызы Threads платформасында zx_saya лақап атымен жазды. Оның айтуынша, запастағы әскери қызметкер елордадағы жекеменшік медициналық мекемеге септопластика және увулопластика жасау үшін жүгінген. Яғни, мұрын қалқасын түзету және апноэ ауруын емдеу жоспарланған. Алайда хирургтер операцияға кірісіп те үлгермеген.
Дайындық процедуралары кезінде науқасқа көктамыр арқылы дәрі енгізілген. Осыдан кейін оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Жедел жәрдем бригадасы науқасты ауыр хәлде, терең кома жағдайында Астанадағы №2 қалалық ауруханаға жеткізген.
Жансақтау бөлімінің дәрігерлері алты күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала өлім себебі ретінде мидың ісінуі аталды.
Марқұмның қызы қоғам мен журналистерді ақпаратты кеңінен таратуға шақырып, әділдікке қол жеткізуге көмектесуді сұрады.
«Әкем жай ғана жоспарлы операцияға барған еді, бірақ қайтып оралмады. Астанадағы жекеменшік клиникалардың бірінде наркоз алдында енгізілген препарат оның жүрегін тоқтатты. Ең қорқыныштысы – бұл клиника әлі күнге дейін жұмыс істеп, адамдарға операция жасауды жалғастырып жатыр! Қазір қанша науқасқа дәл осы дәрі салынып жатқанын білмейміз. Өтінемін, бұл ақпаратты таратып, жаңалық парақшалары мен журналистерді белгілеңіздер – бізге шындыққа жету үшін жариялылық ауадай қажет» деп жазды ол.
Оның айтуынша, ер адам мұрын қалқасын түзету және апноэны емдеу үшін ауруханаға жатқан, алайда хирургиялық араласуға дейін іс жетпеген. Көктамырға дәрі салынғаннан кейін бірден жүрегі тоқтаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми қорытындысын күтуде.
«Біз енгізілген препаратты тексеріп, медицина қызметкерлердің әрекетіне қатаң құқықтық баға беруді талап етеміз. Құқық қорғау органдары мен қоғамнан біздің қайғымызға бейжай қарамауды сұраймын. Әділ, ашық тергеу жүргізілуіне көмектесіңіздер. Біз шындықты білуге және мұндай қателіктердің жасырылып қалмауына жол бермеуге тиіспіз. Мұндай жағдай ешбір отбасының басына түспеуі керек», – дейді астаналық әйел.
Айта кету керек, бұл Қазақстандағы жекеменшік клиникаларда жоспарлы процедуралар қайғылы жағдаймен аяқталған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін Алматыда Smart Beauty клиникасында операция кезінде белгілі блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан көз жұмған болатын. Оның туыстары әлі күнге дейін мекеме басшылығынан нақты түсініктеме ала алмай отыр және кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кете ме деп алаңдаулы.
Сондай-ақ Ақтауда да ұқсас жағдай тіркелген. Онда иекке липосакция жасатқаннан кейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов қайтыс болды. Ер адам анестезия енгізілгеннен кейін бірден комаға түскен. Кейінгі тексеріс барысында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті науқасты денсаулық жағдайына байланысты жоспарлы операцияға жіберуге болмайтынын анықтады. Сонымен қатар клиникада арнайы реанимациялық бөлімнің болмағаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша материалдар полиция мен прокуратураға жолданған.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялауды әлі де жалғастыруда
- Қазақстан мен Еуропалық одақ 12 миллиард долларлық келісім дайындап жатыр
- Тоқаев ЕО дөңгелек үстелінде: Біз білімге негізделген экономика қалыптастыруға ұмтыламыз
- 150 млн еуро инвестиция: Тоқаев пен ЕО басшылары жаңа келісімдерге келді
- Ербаян Мұхтар қайтыс болды
- Тоқаев: Бельгия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі
- 102 адам мейрамханадағы астан уланды: Сот қылмыстық іс қозғады
- 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді: Жаңа Конституция және кедендегі жаңа ережелер
- Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
- Краннан құм, лай, құрт шыққан: Талғар тұрғындары тағы да дабыл қағып, 18 жылдан бері таза суға жете алмай жүр
- Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген әйелдің жазасы кейінге қалдырылды
- Қазақстандағы айыппұл саясаты: «Айыппұлстан» деген сөзге қатысты Ержан Сәденов өз көзқарасын білдірді
- 254 адам өліп, эпидемия жариялаған Конгоға Эбола вирусымен күресу үшін Қытай мыңдаған дәрігерін жіберді
- Астанада 224 жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады
- Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына қарсы сауда шектеулерін енгізді
- Қандай пост, пікір, репост үшін 20 жыл түрме беріледі? Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып Ғиззат Байтұрсынов тағайындалды
- Президент елдегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды