Қазақстанда сұйытылған газды жеткізу ережелері өзгерді
Фото: abai.kz
Елімізде сұйытылған газды жеткізу және оның көтерме бағасының шекті деңгейін белгілеуге қатысты бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізілді.
Энергетика министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы бұйрығына сәйкес, елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органға келесі күнтізбелік жылға арналған сұйытылған газ тұтыну болжамын ұсынуға міндетті.
Сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспарын уәкілетті орган тоқсан сайын ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады. Бұл жоспар жеткізушілер мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған болжамдарға, сондай-ақ газ өндірісі мен тұтынудың нақты мониторинг деректеріне негізделеді.
Тауар биржалары арқылы жеткізу жоспары жасалған кезде жеткізу аймағы ретінде нақты әкімшілік-аумақтық бірлік (елорда, облыс, республикалық маңызы бар қала), бірнеше өңір немесе бүкіл Қазақстан аумағы белгіленуі мүмкін.
Жоспар жоспарланған тоқсан басталғанға дейін 20 күн бұрын уәкілетті органның ресми сайтында жарияланып, өндірушілерге, газ иелеріне және жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
Егер газ өндіру көлемі жеткізу жоспарын орындауға жеткіліксіз болса, уәкілетті орган Комиссия шешімі негізінде жоспарды түзетеді. Бұл жағдайда басқа жеткізушілердің көлемі пропорционалды түрде ұлғайтылып немесе өңірлерге бөлінетін газ көлемі қысқартылуы мүмкін.
Ал егер жеткізуші жоспардан артық газ өндірсе немесе өткізілмей қалған көлем пайда болса, ол екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауы тиіс. Уәкілетті орган қосымша көлемді өңірлер арасында қайта бөледі.
Сонымен қатар, газ өндірісі, тасымалдау, сақтау және сату бойынша мониторинг жүргізу қағидалары да жаңартылды. Бұл деректер жергілікті органдар, ұлттық оператор, өндірушілер мен газ сатумен айналысатын ұйымдар ұсынатын ақпарат негізінде қалыптастырылады.
Сұйытылған газды көтерме және бөлшек сатумен айналысатындар әр айдың 5-іне дейін өткен ай бойынша есеп тапсырады. Ал жергілікті органдар 15-іне дейін уәкілетті органға тұтыну, сату және баға туралы мәлімет береді.
Сондай-ақ, жыл сайын келесі жылға тұтыну болжамы ұсынылады, күн сайын сағат 16:00-ге дейін газ қалдықтары туралы мәлімет беріледі. Осы деректер негізінде уәкілетті орган ел бойынша газ өндіру, сату және тұтынудың жылдық теңгерім болжамын жасайды.
Бұдан бөлек, газдың көтерме бағасының шекті деңгейін белгілеу қағидаларына да өзгерістер енгізілді. Енді бұл бағалар әр бес жыл сайын белгіленіп, қажет болған жағдайда жыл сайын 1 шілдеде түзетіледі.
Бағаны түзету ұлттық оператордың өтініші негізінде және газ сатып алу құнының, жеткізу құрылымының немесе тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
Газбен қамтылмаған өңірлер үшін көтерме баға есептелмейді.
Жаңа бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін сатқаны анықталды
- Алматыда ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
- Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады: Алаяқтар билет сатып жатыр
- Символға айналған құндылық: Қазақстанда 19 мың адамға Абай есімі берілген
- Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі үшін 10 млрд теңге өтемақы: Марқұмның ағасы отбасы талабын түсіндірді
- «Пәтерді 18 жыл күттім»: Павлодардағы жетім қыздың отбасылық табысы баспана алуға кедергі болған
- Еліміздің көп өңіріне +44 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралады
- Алматының қай жерлері қауіпті? Полиция қылмыс картасын өзгертіп жатыр
- Омбыда көлік адамдарды қағып, бір әйел қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті
- Қамза экстрадицияланғаннан кейін Өзбекстандық блогер Хикматов халықаралық іздеуге жарияланды
- Қытайда «Дельфин» тайфунына байланысты миллионнан астам адам эвакуацияланды
- Денесінен көгерген іздер көрдім: Ашыбұлақта әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты
- Қазақстандық пауэрлифтер Гүзал Ергешева Англияда қайтыс болды
- Батыс Қазақстандағы күре жолда жүріп келе жатқан автобус жанып кетті
- Бақыт Есімова президент әкімшілігінің бөлім басшысы болып тағайындалды
- Абай ілімі – рухани шамшырағымыз: Президент халықты Абай күнімен құттықтады
- Полицейдің көзінше әйелдің басынан тепкен: Жетісу облысындағы базарда болған сұмдық
- Абай облысында байыту фабрикасында өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды
- Қазақстанда бір апта ішінде 47 орман өрті болды