Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
Коллаж ЖИ
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін жалмап кеткен резонансты жол-көлік апатында сот Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты наурыз айынан бері қоғамның назарын алған іске нүкте қойды. Судья Еркін Майшинов Пакты ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Пак жазасын қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде өтейтін болады.
Сонымен қатар, сот Пакты өмір бойына көлік айдау құқығынан айырды. Ал қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесінің азаматтық талап-арызы сот тарапынан ішінара қанағаттандырылды. Александр Пак оған 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.
Соттан соң Қыдырбек Томиристің әкесінің адвокаты заңгер Мейірман Шекеев Пактың алда мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Азаматтық талап бойынша да, осы бап бойынша шыққан жаза да ең шекті болып саналады. Алдағы уақытта жазасының біраз бөлігін өтеген соң ол мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Бірақ оны тек сот шешеді» — деді Шекеев.
Бұған дейін прокурор жарыссөзде Александр Пакты ҚР ҚК 345-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап, Пакты өмір бойы көлік басқару құқығынан айыруды өтінген еді.
Түске дейінгі сот отырысында марқұм Томирис Қыдырбектің өткен сот процесінде жәбірленуші болып танылған әкесі Пактан моралдық өтемақы ретінде 100 млн талап еткен болатын. Сонымен қатар жарыссөзде тараптар өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, сотталушы Пак тағы да жәбірленушілерден кешірім сұраған еді.
Еске сала кетейік, бұл ірі жол-көлік оқиғасы 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қыз қаза тапты. Тергеу мәліметінше, Александр Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан еді.
Оқи отырыңыз:
Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
«Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық